03.09.2012, 14:10 3560

Алматы мен Алматы облысында 10 қыркүйектен бастап электр қуатының тарифі 8,6%-ға артады

"АлматыЭнергоСбыт" ЖШС электр қуатын тұтынушыларды 2012 жылғы 10 қыркүйектен бастап Алматы мен Алматы облысында электр қуатының сатылу тарифті 8,6%-ға артып, 11,79-дан 12,80-ге дейін көтерілетінін (ҚҚС-сыз) хабарлайды", - деп хабарлады "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС.

Алматы. 3-қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы мен Алматы облысында 10 қыркүйектен бастап электр қуатының тарифі 8,6%-ға артады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"АлматыЭнергоСбыт" ЖШС электр қуатын тұтынушыларды 2012 жылғы 10 қыркүйектен бастап Алматы мен Алматы облысында электр қуатының сатылу тарифті 8,6%-ға артып, 11,79-дан 12,80-ге дейін көтерілетінін (ҚҚС-сыз) хабарлайды", - деп хабарлады "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС.

Бұл ретте тариф құны "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ-ның (АЖК) 2012 жылдың 1 қыркүйегінен бастап электр энергиясын беру жәнетарату қызметі тарифінің 30%-ға артуына байланысты өседі, деп айтылған.

"АЖК" АҚ-ның тарифі электр энергиясына босату тарифінің негізгі құраушы бөлігі болғандықтан, 2012 жылдың 10 қыркүйегінен бастап мынадай тарифтер қолданысқа енгізіледі:

Электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай сараланған тариф мөлшерлемесі (12%-дық ҚҚС-ын есептегенде):

бірінші деңгейлі тариф - 1 кВт.сағ.-қа 13,06 теңге

екінші деңгейлі тариф - 1 кВт.сағ.-қа 17,21 теңге

үшінші деңгейлі тариф - 1 кВт.сағ.-қа 21,51 теңге

Тәулік мезгілі бойынша сараланған тариф мөлшерлемесі (ҚҚС-ын есептемегенде):

Екі зоналық есептеу жүйесі бойынша

күндізгі тариф мөлшерлемесі (7-00-ден 23-00-ге дейін) - 1 кВт.сағ.-қа 16,49 теңге;

түнгі тариф мөлшерлемесі (23-00-ден 7-00-ге дейін) - 1 кВт.сағ.-қа 3,69 теңге.

Үш зоналы есептеу жүйесі бойынша:

күндізгі тариф мөлшерлемесі (7-00-ден 19-00-ге дейін) - 1 кВт.сағ.-қа 12,80 теңге;

электр энергиясы көп қолданылатын уақытта (19-00-ден 23-00-ге дейін) - 1 кВт.сағ.-қа 26,99 теңге;

түнгі тариф мөлшерлемесі (23-00-ден 07-00-ге дейін) - 1 кВт.сағ.-қа 3,69 теңге.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны