19.06.2007, 18:53 2712

Алматы - Новосибирск бағытындағы поезбен келе жатқан Тәжікстан азаматы асқазанына героин салып өтпек болған

ПАВЛОДАР. 19 - маусым. Kazakhstan Today. Алматы - Новосибирск бағытындағы поезбен келе жатқан Тәжікстан азаматы асқазанына героин салып өтпек болған. Бұл туралы бүгін Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Новосибирск облысы бойынша есірткі айналымын бақылау жөніндегі Федералдық қызмет басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

"Күдікті құқық қорғау органдарының қолына Қазақстаннан "Новосибирск-Главный" темір жол бекетіне келгеннен кейін түскен",- деп түсіндіді баспасөз қызметінің төрайымы Анастасия Рыжкова. Оның айтуынша, есірткі тасымалдаушы героинді өзінің асқазанына салып әкелген. Есірткі айналымын бақылау жөніндегі Федералдық қызметтің аймақтық басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, барлығы ұзындығы 4 см және диаметрі 2 см жететін көп қабатты целлофан пленкадан тұратын 33 капсулада 300 грамға жуық героин болған. Есірткі тасымалдаушы Тәжікстанның 25 жасар азаматы болып шықты.

Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, ұсталған азамат Сибирь астанасына алғаш рет келген. Бірақ, оның осыған дейін Ресейдің басқа аймақтарына тұрақты келіп тұрғандығы және бұрын Самара облысы аумағында есірткі сақтағаны мен сатқаны үшін қылмыстық жауапқа тартылғандығы белгілі болды.

Қазіргі уақытта ол қамауға алынған. Ресейдің Новосибирск облысы бойынша есірткі айналымын бақылау жөніндегі Федералдық қызмет басқармасының тергеу қызметі өте ірі көлемде есірткі заттарының контрабандасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сондай-ақ, агенттік тілшісінің айтуынша, есірткі сатушы Қазақстан-Ресей шекарасынан осындай әдіспен героин алып өтпек болған бірінші оқиға емес.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны