14.08.2017, 15:07 4527

Алматы облысында қалдықтарды басқарудыӊ аймақтық жүйесініӊ ТЭН әзірленді

Астанада ҚР Энергетика министрлігі, Астана қаласы мен Алматы облысыныӊ әкімдіктері, "Оператор РОП" ЖШС мен Қазақстанныӊ экологиялық ұйымдары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Астана. 12 тамыз. Kazakhstan Today - Астанада ҚР Энергетика министрлігі, Астана қаласы мен Алматы облысыныӊ әкімдіктері, "Оператор РОП" ЖШС мен Қазақстанныӊ экологиялық ұйымдары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Осы бас қосуда Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов өӊірдегі қоқысты жинау мен өӊдеу жағдайы, алдағы жоспарлар жайына тоқталды.

- Алматы облысы халқыныӊ саны 2 млн жетті. Оған қоса облыс Алматымен іргелес орналасқан. Сондықтан қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, өӊдеу ісін жолға қою - біз үшін аса қажет шара. Біз "Алматы облысында қалдықтарды басқарудыӊ аймақтық жүйесініӊ" ТЭН-ін әзірледік. Онда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмін қолдану арқылы 14 аймақтық кешендердіӊ бірыӊғай операторын құру қарастырылады. Атап айтқанда, соныӊ аясында 16 қоқыс сұрыптау кешені, 13 қоқыс тиеу станциясы, 16 полигон, 3 қоқыс өӊдеу зауытыныӊ құрылысы жүзеге асырылуы тиіс. Осыныӊ нәтижесінде 500 жұмыс орны құрылып, 2025 жылға қарай тұрғындар тұрмыстық қатты қалдықтар шығаруды ұйымдастырумен 100 % қамтылады деп жоспарланып отыр. Оған қоса бұл қалдық жоюды арттырып, полигондар санын азайтуға ықпал ететін болады. Осы жобаны қалдықтарды жою жөніндегі біздіӊ өӊірдегі бірлескен пилоттық жоба ретінде қарастыруды ұсынамын және қол жеткізген нәтижеге сәйкес жобаны еліміз бойынша таратуға болады деп есептеймін, - деді А. Баталов.

Ынтымақтастық негізінде қалдықтарды басқарудыӊ өӊірлік жүйесін құру мен оны одан әрі дамыту, жеке және заӊды тұлғалардан тұрмыстық қатты қалдықтарды жеке жинақтауды енгізу, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруға шақыруды жүзеге асыратын көлік құралдарыныӊ қозғалысын спутниктік навигациялық жүйелердіӊ мәліметі бойынша бақылап отырудыӊ ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жүргізу қолға алынбақ. Оған қоса тараптар алдағы уақытта мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту шеӊберіндегі келісімдерді қарастыратын болады.

Жалпы Алматы облысында жылына 1,2 млн. тонна қалдық жинақталады. Соныӊ 640 мыӊ тоннасы облыс аумағына Алматы қаласынан шығарылады. Облыстағы елді мекендердіӊ тұрмыстық қалдықтарды шығарумен қамтылу көрсеткіші 67%, ал қалалар мен ірі елді мекендердіӊ қамтылуы 100%.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны