16.04.2007, 18:27 2942

Алматы облысында қатаң тәртіптегі абақтыда отырған 11 адам өз-өзіне қол жұмсады - Қылмыстық атқару жүйесі комитеті

АЛМАТЫ. 16-сәуір. Kazakhstan Today. Алматы облысында қатаң тәртіптегі абақтыда отырған 11 адам өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 15-сәуірде қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Алматы және Алматы облыстық басқармасының ЛА - 155/8 мекемесінде ауыр қылмыстары үшін қамауда отырған 11 адам мекеме әкімшілігіне заңсыз талапты орындатуға әрекет жасаған. "Олар денелерінің түрлі бөліктерін кескілеу арқылы өз-өздеріне қол жұмсады", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Комитеттегілердің хабарлауынша, сотталғандардың бәрі де Қапшағай қаласының ауруханасына жеткізіліп, оларға жедел жәрдем көмегі көрсетілді. Жарақаттар адамның өміріне қатер төндірмейтін жеңіл жарақаттар болып шықты. "Құрбан болғандар жоқ, ешкімді де ауруханаға жатқызу қажет болмай қалды. Сотталғандар қазір түгел түзету мекемесінің аумағында",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жазасын өтеушілер бірнеше талап қойған.

"Атап айтсақ, олар мекемеде белгіленген тәртіпті жеңілдету, сәлемдемелер мен жолдамаларды тексерусіз әрі шектеусіз мөлшерде қабылдау, заңда белгіленген мерзімнен көп уақытқа кездесулерге рұқсат беруді талап еткен",- деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.

Комитеттің хабарлауынша, мекемеге ҚР Бас прокуратурасы мен Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің өкілдері келген. Олар болған оқиғаға құқықтық баға береді. "Қазіргі уақытта түзету мекемесіндегі жағдай тұрақтанды. Өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық істер қозғалды",- деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны