26.05.2014, 21:27 3287

Алматы облысында "Қазқұтқару-2014" жиын-семинары ашылды

"Қазқұтқару-2014" аясында құтқару технологиялары жөнінде халықаралық конференция өткізу жоспарлануда

Алматы. 26 мамыр. Kazakhstan today. Алматы облысында "Жартасты қала - Астана" ҚР ТЖМ оқу-жаттығу полигонында құтқару бөлімшелерінің "Қазқұтқару-2014" 19-халықаралық жиын-семинарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

"Қазқұтқару - 2014" жиын-семинарына Изербайжан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы, сондай-ақ Қытай Халық Республикасы құтқарушылары қатысатын болады.

Жыл сайын "Қазқұтқару" жиын-семинарына Қазақстанның әр жерінен, таяу және қиыр шет елдерден құтқарушылар командалары, сондай-ақ халықаралық бақылаушылар - Еуроодақ, ҰҚШҰ, ОБСЕ, НАТО, ШЫҰ, Халықаралық қызыл крест, АҚШ Аризон штаты ұлттық гвардиясы және басқалар келеді.

2011 жылы аталмыш ҚР ТЖМ полигонына ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің құтқарушы бөлімшелерін дайындау үшін базалық мәртебе берілді. "Жартасты қала - Астана" - ТМД-дағы жалғыз әмбебап полигон, онда құтқару жұмыстарының барлық түрлерін пысықтауға болады.

"Қазқұтқару" жиын-семинарында Қазақстанның төрт жас құтқарушылар командасы бақылаушы ретінде алғаш рет қатысты, деп төтенше жағдайлар министрлігінде хабарлады.

Сондай-ақ "Қазқұтқару-2014" аясында (28 мамырда) құтқару технологиялары жөнінде халықаралық конференция өткізу жоспарлануда

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны