30.06.2010, 17:52 7147

Алматы облысында Жамбыл АІІБ учаскелік полициясын өлтіріп кетті

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "қылмыс 28-маусым күні Жамбыл облысының Ұзынағаш аулында болған".

Талдықорған. 30-маусым. Kazakhstan Today Алматы облысында Жамбыл АІІБ учаскелік полициясын өлтіріп кетті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Алматы облысының ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "қылмыс 28-маусым күні Жамбыл облысының Ұзынағаш аулында болған".

"Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, қылмысты ашуға облыстың ең үздік жедел қызметкерлері мен тергеушілері жұмылдырылған. Ауданда "сирена" жедел шарасы жүргізілуде",- деп хабарлады ІІД.

Қылмыс орнынан Калашников автоматын ұрлап кету туралы ақпаратты ІІД тергеу құпиясы деген желеумен растаған да жоқ, жоққа шығарған да жоқ. "Тергеу мүддесі үшін бұл ақпарат жария етілмейді, ақпараттың растығы тексерілген жоқ",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, қылмыстық іс ІІМ бақылауында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны