28.07.2017, 19:31 3544

Алматы облысыныӊ биылғы жылғы I жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары тыӊдалды

Облыс әкімі Амандық Баталовтыӊ төрағалығымен кеше облыс әкімдігініӊ отырысы өтіп, онда өӊірдіӊ биылғы жылғы I жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және II жартыжылдыққа арналған міндеттер туралы мәселе қаралды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Талдықорған. 28 шілде. Kazakhstan Today - Облыс әкімі Амандық Баталовтыӊ төрағалығымен кеше облыс әкімдігініӊ отырысы өтіп, онда өӊірдіӊ биылғы жылғы I жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және II жартыжылдыққа арналған міндеттер туралы мәселе қаралды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жиында негізгі баяндаманы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыныӊ басшысы Асқар Қожабеков жасады. Баяндамашыныӊ айтуынша, бірінші жартыжылдықта жалпы өӊірлік өнім 3,3 % өсті. Өнеркәсіп өнімініӊ көлемі 329, 4 млрд. теӊгені құрады. Оныӊ ішінде өӊдеу өндірісі 3,6%-ке өскен. Атап айтқанда, азық-түлік өндірісі - 8%, сусын шығару - 22,3%, фармацевтикада -1,8 есе, машина жасау - 35,2% артқан.

Фармацевтикадағы өсім облыстағы 6 фармзауыттардыӊ өнім өндіру көлемін өсіруімен байланысты. Аталмыш зауыттар бұл көрсеткішті 8 млрд. теӊгеге ұлғайтып отыр. Атап өтсек, бұл 6 зауыт та мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеӊберінде пайдалануға беріліп, қазіргі кезде облыс экономикасына өз үлесін қосуда.

Бірінші жартыжылдықта 39 нысанды іске қосу мен кеӊейту арқылы өндірісте қосымша 665 жаӊа жұмыс орны ашылды.

Ауыл шаруашылығында Агроөнеркәсіп кешенді дамыту бағдарламасы шеӊберіндегі қаржылық қолдау нәтижесінде өсім 3 %-ті құрады.

Дегенмен бірқатар аудандарда шағын және орта бизнесті қолдау шараларында, кооперативтер құру ісінде, инвестиция тартуда және басқа да маӊызды көрсеткіштерде кемшіліктер орын алған. Шағын несиені игеру Ақсу, Балқаш, Ескелді, Көксу, Райымбек, Сарқан, Ұйғыр аудандары мен Қапшағай қаласында төмен деӊгейде. Ақсу және Райымбек аудандарында "Ырыс" бағдарламасы бойынша сүт тауарлы фермалардыӊ құрылысы әлі басталмаған. Баяндамашы экономиканыӊ басқа да салаларындағы жетістіктер мен олқылықтарға тоқталып өтті.

Жиында Еӊбекшіқазақ, Панфилов аудандарыныӊ әкімдері, құрылыс және денсаулық сақтау басқармаларыныӊ өкілдері сөз алып, жұмыс бағыты туралы айтты.

Жиын қорытындылаған облыс әкімі А. Баталов сала басшылары мен аудан, қала әкімдеріне тиісті тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны