05.09.2016, 15:43 3589

Алматы өӊірлік гарнизоныныӊ әскери бөлімдері жанында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін 250-ден аса адам қабылданды

Алматы қаласыныӊ жергілікті әскери басқару органдары келісімшарт бойынша әскери қызметке іріктеу бойынша жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы қаласыныӊ жергілікті әскери басқару органдары келісімшарт бойынша әскери қызметке іріктеу бойынша жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Бүгінгі күні Алматы өӊірлік гарнизоныныӊ әскери бөлімдері жанында сарбаздар және сержанттар құрамында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін 250-ден аса адам жолданып, қабылданды. Алматыныӊ ЖИБО жанындағы жұмысқа алу пункттеріне қазақстандық армия қатарын толықтырғысы келетін азаматтар көптеп келуде.

Келісімшарт бойынша әскери қызметке орналасатын адамдарда ҚР азаматтығы, курсанттар мен өзге де әскери қызметшілер санатын есептемегенде, 19 жастан кіші болмауы, әскери-есепке алу мамандығы болуы, мерзімді әскери қызметті өтеуі немесе әйелдерді қоспағанда әскери-оқытылған резервті даярлау жөніндегі ЖОО-ныӊ әскери кафедрасында яки Қорғаныс министрлігініӊ мамандандырылған ұйымдарында әскери дайындықтан өтуі тиіс.

ҚР ҚК-дегі қызмет әскери қызметші мен оныӊ отбасы мүшелеріне арналған тегін медициналық қызмет көрсету, тұрақты ақшалай үлес (оныӊ ішінде, отбасы мүшелерініӊ санына байланысты тұрғын үйді жалға алғаны үшін төленетін үстемақы), мансаптық өсу сияқты толық әлеуметтік қорғауда болу мүмкіндігін беретінін айта кетейік.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны