28.11.2006, 11:03 2648

Алматы полициясы елімізге заңсыз келген Пәкістаннің үш азаматын ұстады

АЛМАТЫ. 28-қараша. Kazakhstan Today. Алматы қалалық ІІД көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлері Еуропа елдеріне өту мақсатында Казақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен Пәкістан елінің үш азаматын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шетел азаматтары Медеу ауданында ұсталды. Тексеру барысында, Қазақстан аумағына олардың визасыз енгені анықталды. Пәкістан азаматтары Алматыда тұратын Қырғызстан тумасының жеке меншік көлігімен келеді. Шетелдіктердің көздеген басты мақсаты - Қазақстан арқылы Еуропа елдеріне өтіп кету болған.

Қазіргі таңда оларға қатысты құжаттар жиналып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 330-бабына сәйкес ("Мемлекеттік шекарадан заңсыз өту") екі қылмыстық із қозғалды. Ал заң бұзушыларды шекара арқылы өткізген Алматының тұрғыны ҚР ҚК 330-бабы, 2-тармағымен көзделген "заңсыз коші-қонды ұйымдастыру" қылмысы үшін жауап беретін болады.

Жалпы алғанда соңғы апта ішінде көші-қон басқармасының қызметкерлері 126 заң бұзушылықты анықтады, оның 33-ін - алыс шетел азаматтары жасаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны