13.05.2010, 15:52 3136

Алматы полициясы Қырғызстанның 70 азаматын Қазақстаннан шығарды

Алматы полициясы Қырғызстанның 70 азаматын Қазақстаннан шығарды

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы полициясы Қырғызстанның 70 азаматын Қазақстаннан шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің инспекторы Гүлнар Жаманқұловаға сілтеме жасап.

ІІД ақпаратына сәйкес, қырғыз азаматтары отырған автобус 12 мамыр күні кешке қарай Алматыдан шықты. Бұл "қонақтардың" барлығы Алматыда заңсыз жүрген. Қаланың әртүрлі базарларында ұсталған мигранттардың көпшілігінің шағын бизнесі болған.

"Біз қала базарлары бойынша бірнеше рет рейд жүргіздік. Тексеру барысында базардың әртүрлі нүктелерінде тек қана Қырғызстанның ғана азаматтары емес, сонымен бірге Өзбекстанның, Тәжікстанның және Ресейдің тұрғындары да анықталды. Бұл жұмыстың басынан бері көші-қон заңдылықтарын бұзған 513 шет ел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылса, олардың 109-ы ҚХР, Ауғанстан, Түркия және басқа да алыс шетел азаматтары болған. Сонымен қатар, тағы 300 шетелдіктердің Қазақстанда тұру мерзімі қысқартылды",- деді жедел шараның алғашқы қорытындыларымен бөліскен Алматы қалалық ІІД-нің Көші-қон полициясы басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Марат Кезембаев.

Үйреншікті әдет бойынша, мигранттар отырған автобус еліміздің шекарасына жеткеннен кейін, астыртын елге келушілер шекарашылар қызметкерлеріне тапсырылады. Бұл жұмыстың басынан бастап Оңтүстік астанадан Қырғызстан мен Өзбекстанға екі автобус мигранттар қайтарылған.

"Базардан басқа мұқият тексеруге құрылыс объектілері, жекеменшік құрылыстар, тұрғын үй массивтері, көпшілік тамақтанатын кәсіпорындар да тартылады. Сонымен қатар біз мигранттардан басқа, тәртіп бойынша, заң бұзушылыққа жол беріп, шетелдік жұмыс күшін пайдаланған жұмыс берушілерді де анықтаймыз. Осы шара барысында біз әкімшілік жауапкершілікке 10 отандастарымызды да тарттық",- деп мәлімдеді подполковник М.Кезембаев.

ІІД хабарламасына сәйкес, "Келімсек" жедел алдын алу шарасы 14 мамырға дейін жалғасады. Шараның жүргізілу мақсаты өзара ынталандыру, астыртын келу миграциясы арналарын тексеру жұмыстарында ақпарат алмасу, шетелдіктерді еңбекке қамтудағы заңсыздық фактілері, сонымен бірге, оперативті тексерілуі тиіс "мазасыз аймақтардан" келгендерді анықтауға бағытталмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны