15.04.2009, 16:07 3031

Алматы жол полициясының қызметкерлері бір әйелді қағып өлтірген жүргізушіні іздестіріп жатыр

Алматы жол полициясының қызметкерлері бір әйелді қағып өлтірген жүргізушіні іздестіріп жатыр

Алматы. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматы жол полициясының қызметкерлері бір әйелді қағып өлтірген жүргізушіні іздестіріп жатыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қалалық ІІД жол полициясы басқармасының хабарламасына сілтеме жасап.

"Қайғылы оқиға кеше кешке Алматының Түріксіб ауданында болған. Боралдай тас жолымен солтүстік бағытқа бет алған белгісіз көлік бір әйелді қағып кетті. Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері оның өлімін тіркеді. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бұл - "Хонда Аккорд" көлігі, сол себепті жол полициясы осы апатты көріп-білгендердің көмегін сұрайды", -делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны