15.07.2009, 15:45 2309

Алматыда АҚШ пен Біріккен Араб Имірліктерінен контрабандалық жолмен автокөліктер өткізу арнасы әшкереленді - қаржы полициясы

Алматыда АҚШ пен Біріккен Араб Имірліктерінен контрабандалық жолмен автокөліктер өткізу арнасы әшкереленді - қаржы полициясы

Астана. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда АҚШ пен Біріккен Араб Имірліктерінен контрабандалық жолмен автокөліктер өткізу арнасы әшкереленді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Алматы қаласында Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы АҚШ пен Біріккен Араб Имірліктерінен жалпы құны 11,5 млн теңгені (95 200 АҚШ доллары) құрайтын автомобильдерді заңсыз алып келу фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде",- деді М.Жұманбай.

Сондай-ақ, оның айтуынша, экономикалық контрабанда жасағаны үшін поездардың жолсеріктері қылмыстық жауаптылыққа жиі тартылады.

"Атырау облысында 197,5 мың теңге айыппұл төлеуге "Астрахань-Атырау" пойызы бастығының міндетін атқарушы Х. Сүгіров сотталды. Ол кедендік бақылаудан жасыру арқылы Қазақстан Республикасының шекарасынан 2 млн теңгенің халық тұтыну тауарларын заңсыз өткізген",- деді қаржы полициясының өкілі.

Ал, "Батыс Қазақстан облысында 1 жыл бас бостандығынан шартты айыруға "Москва-Алматы" пойызының жолсерігі сотталды. Ол пойыздың шатырындағы кеңістікте кедендік бақылаудан жасыру арқылы 5 млн 300 мың теңгенің халық тұтыну тауарларын Қазақстан Республикасының шекарасынан заңсыз өткізген".

"Осы облыста ұқсас қылмыс жасағаны үшін 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге "Москва-Алматы" пойызының жолсерігі сотталды. Ол Қазақстан Республикасының шекарасынан құны 2 млн теңге биологиялық қоспалар мен жүктілік тестілерін заңсыз өткізген",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны