16.10.2009, 14:57 3061

Алматыда белгісіз төрт қылмыскер ақша айырбастау бөлімшесін тонап кетті - ІІД

Алматыда белгісіз төрт қылмыскер ақша айырбастау бөлімшесін тонап кетті - ІІД

Алматы. 16 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда белгісіз төрт қылмыскер ақша айырбастау бөлімшесін тонап кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "14 қазанда сағат 02.25-да бетперде киген белгісіз төрт адам Көк базардың маңында Пушкин көшесіндегі 41-ші үйде орналасқан ақша айырбастау бөлімшесіне келіп, кассаның броньмен қорғалған терезесін сындырып, сейфтен 9 млн теңге, 608 мың ресей рублі, 37 мың доллар, 950 евро мен 17 мың қырғыз сомын алып кеткен".

"Шығынның жалпы көлемі анықталу үстінде. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 178-ші бабы (тонаушылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Баспасөз қызметінің нақтылауынша, "ешкімге де зақым келтірілген жоқ".

Арнаулы жедел тергеу тобы құрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны