01.06.2017, 18:21 4971

Алматыда биыл үй кезегінде тұрған әрбір төртінші отбасы пәтер алатын болады

Ел Президентініӊ тапсырмасы бойынша Алматыда "Нұрлы жол" бағдарламасыныӊ инфрақұрылымдық жобаларына 20 млрд. теӊге, ал дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 33 млрд. теӊге бөлінген.

Алматы. 1 маусым. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен "Ипотекалық ұйым" Қазақ ипотекалық компаниясы" АҚ-ныӊ басқарма төрағасы Иділ Мұхамеджанов үй кезегінде тұрғандарға Атлеттер ауылынан жаӊа пәтерлер кілттері мен сертификаттарды тапсырды.

Ел Президентініӊ тапсырмасы бойынша Алматыда "Нұрлы жол" бағдарламасыныӊ инфрақұрылымдық жобаларына 20 млрд. теӊге, ал дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 33 млрд. теӊге бөлінген. Алматы әкімі 2016 жыл мен биылғы жылдыӊ алғашқы тоқсанында қалада 4 мыӊға жуық пәтер бөлінген, яғни 2014-2015 жылдармен салыстырғанда екі есеге артқанын, жыл аяғына дейін тағы да 4,5 мыӊ пәтер бөлінетінін айтты.

"Алматыда "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында алғашқы бес жыл ішінде құны 140 млрд. теӊге болатын 670 мыӊ шаршы метр тұрғын үй салынады. Жыл қорытындысы бойынша үй кезегінде тұрған әрбір төртінші отбасы тиесілі пәтерін алады.Бүгін біз кезекте тұрған 120 отбасыға пәтер кілттерін тапсырамыз, олардыӊ арасында мүгедектер, көпбалалы және толық емес отбасылар, мемлекеттік қызметкерлер, бюджет қызметкерлері, әскерилер бар. Бұлардыӊ басым көпшілігі - пәтер жалдап немес туыстарыныӊ үйін паналап, пәтер кезегінде ұзақ тұрғандар. Бүгін олар өздерін нағыз пәтер иелері ретінде сезіне алады" - деді Б.Байбек.

Алматы әкімі халыққа пәтер бөлуді барынша ашық жүргізу үшін түрлі шаралардыӊ жүзеге асқанын жеткізді. Бұдан былай үй кезегіне қою және кезектіӊ жылжуы Электтронды үкімет порталы арқылы жүретін болады. Сонымен қатар, алғаш рет кезектіӊ электронды инвентаризациясы енгізілген, яғни кезекте тұрғандар жыл сайын Тұрғын үй басқармасына келмей - ақ дистанциялық жүйе арқылы өзіне қатысты мәліметті біледі. Тағы бір жаӊалық, СМС- хабарлар арқылы да қажетті мәліметті алуға болады. Бұлардан өзге, жыл аяғына дейін адам факторынсыз, кезекте тұрғандар арасында автономды кесте арқылы пәтер бөлу механизмі жыл аяғына дейін енгізіледі.

Атлеттер ауылыныӊ кешені 23 гектар аумақты алып жатыр, мұнда 14 тұрғын үй бар. Оныӊ айналасы заманауи бейнебақылау жүйесімен, өрт қауіпсіздігі жүйесімен толық қамтылған. Ауыл кешенінде ХҚКО, емхана, супермаркет, банк және пошта бөлімшелері, полицияныӊ тірек пункті жұмыс істейді. Атлеттер ауылын салуға заманауи әрі экологиялық таза материалдар пайдаланылды.

Атап өтерлік жайт, Алатау ауданы Алматы тұрғындары мен қонақтары қызығатын замнауи елді мекенге айналды. Аудан құрылғалы бері мұндағы тұрғындар саны 1,5 есеге артып, 200 мыӊ адамға жетті. Сегіз жыл ішінде ауданды дамытуға қала бюджетінен 200 млрд. теӊгеден астам қаржы бөлінді, соныӊ арқасында халықаралық деӊгейдегі Алматы Арена спорт нысаны, әкімдік, сот, прокуратура, салық, арнайы ХҚКО, АІІД ғимараттары, заманауи мәдени нысандар, мектептер, бала бақшалар, емханалар мен ауруханалар іске қосылды, жаӊа мешіт салынуда, Үлкен Алматы каналыныӊ айналасы, Боралдай өзенініӊ жағалауы абаттандырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны