05.07.2012, 10:36 3322

Алматыда біртұтас басқару орталығы ашылады

"Алматыда барлық шұғыл қызмет орындарына бір нөмір беріп, оларды бір орталыққа біріктіретін уақыт жетті. Шұғыл көмек қажет болған кезде халық полиция, медициналық көмек пен өрт сөндіру және т.б. қызметтерді бірден пайдалана алатындай болуы керек. Қажетті қаржыны бөлеміз", - деп бейсенбі күнгі отырыста қала әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті, делінген хабарламада.

Алматы. 5-шілде. Kazakhstan Today - Жуырда Алматыда барлық шұғыл қызмет түрлерін басқаратын біртұтас орталық ашылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Алматыда барлық шұғыл қызмет орындарына бір нөмір беріп, оларды бір орталыққа біріктіретін уақыт жетті. Шұғыл көмек қажет болған кезде халық полиция, медициналық көмек пен өрт сөндіру және т.б. қызметтерді бірден пайдалана алатындай болуы керек. Қажетті қаржыны бөлеміз", - деп бейсенбі күнгі отырыста қала әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті, делінген хабарламада.

Ақпарға қарағанда, А.Есімов жұмыс тобын құрды. Оларға бір ай ішінде шұғыл қызмет орындарының қаржылық қызметін саралауды және біртұтас шұғыл әрекет ету орталығын құру туралы ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Сонымен қатар, жиында "Алматыға арналған интеллектуалдық көлік жүйесі" немесе "Ақылды қала" жобасы туралы сөз болды.

Еуропалық банктің несие комитеті осы мақсаттарға 15 млн еуро бөлуге келісім берді. Жоба қаладағы қоғамдық көлік мәселесін шешіп, халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.

"Ақылды қалада" біртұтас call-центр, бағдаршамдар мен бақылау камераларын басқару, бағдаршамдарды реттеу орталығы, электронды табло, автотұрақтар мен жарықтандыру жүйелері бар, делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны