04.02.2013, 11:20 3184

Алматыда "Даму" қоры "Damu Start-up" жобасына қатысқысы келетін жас кәсіпкерлерді тестілеуден өткізді

Тестілеу, "Даму" қоры мен "ЦентрКредит" Банкініңбірлескен "Damu Start-up" жобасына қатысуға бірінші боп өтініш бергендер, бастауыш кәсіпкерлер арасында өтті.

Алматы. 4-ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда "Даму" қоры "Damu Start-up" жобасына қатысқысы келетін жас кәсіпкерлерді тестілеуден өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "Даму" КДҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Тестілеу, "Даму" қоры мен "ЦентрКредит" Банкініңбірлескен "Damu Start-up" жобасына қатысуға бірінші боп өтініш бергендер, бастауыш кәсіпкерлер арасында өтті.

"DAMU Start-Up" жобасы бойынша кредит алу үшін бизнес-жоба сомасының 36%-на дейінгі көлемде бастама капитал "депозит" болуы тиіс; "Даму" Қорының бағдарламалары бойынша оқудан өткені туралы сертификат пен бизнес-жоба, сондай-ақ, оқудың тестілеу қорытындысын растайтын құжат болуы керек", - деп түсіндірді Қордың баспасөз қызметінде.

Айта кетерлігі, DAMU Start-Up бағдарламасына тестілеу қорытындысы 75%-дан жоғарылар ғана қатыса алады.

"Мен қазір инженер-гидролог боп жұмыс істеп жүрмін. Бірақ бала кезден бері өз бизнесімнің болғанын армандаймын, Алматы облысында құс фабрикасын ашып, оңтүстік астана тұрғындарын сапалы құс етімен қамтамасыз еткім келеді. "DAMU Start-Up" жобасы туралы білгенімде. Осы мүмкіндікті пайдаланып көрмек болдым. Алматыдағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында кеңес алып, маған берілген материалдармен өз бетімше танысып, тест тапсырдым", дейді жобаға қатысушы Аманжол Ахметжанов.

"Мен бұл жоба жайында Интертен арқылы білдім. Өзім ІТ-технология саласында қызмет етемін. "DAMU Start-Up" - өте жақсы идея, көптеген адамдар үшін субсидия мен өзге де құралдар арқылы мемлекет тарапынан жасалатын қолдау. Бұл өз бизнесіңді көтерідуң жалғыз жолы шығар", - дейді бірінші тестілеуге қатысқандардың бірі Марат Жаңағұлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны