18.09.2007, 12:21 1574

Алматыда қаржы полициясының қызметкері пара алғаны үшін ұсталды

Алматыда қаржы полициясының қызметкері пара алғаны үшін ұсталды.

АСТАНА. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда Алматы қаласының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің қызметкері пара алғаны үшін ұсталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "13-қыркүйекте Алматы қаласының ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері Алматы қаласының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің экономикалық қылмыстарды ашу жөніндегі басқарманың инспекторын 5500 АҚШ доллары көлеміндегі бопсалаған параның бір бөлігін алу барысында қылмыс үстінде ұсталған".

Арнайы қызметтен түсіндіріп өткендей, қаржы полицейі жеке кәсіпкерден оның алаяқтық жасады деп күдіктеніп жүрген басқа адамдарға қатысты өтінішін "объективті" түрде қарауға үәде бере отырып, 15 мың АҚШ долларын бопсалаған.

Тергеу барысында белгілі болғандай, қаржы полициясының ұсталған қызметкері тағы бір кәсіпкерден қаржылық заңды бұзған-мыс деген желеумен қылмыстық жауапқа тартпау үшін 3000 АҚШ долларын бопсалаған.

Аталмыш дерек бойынша қаржы полициясының қызметкерінің үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311-бабы бойынша (пара алу жөнінде) қозғалған қылмыстық іс тергелуде. "Қазіргі уақытта ол прокурордың рұқсатымен қамауға алынған, қажетті тергеу шаралары жалғасуда",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны