12.05.2010, 16:59 3182

Алматыда Қазақстанның "Интерпол" Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Қырғызстан азаматы ұсталды

Алматыда Қазақстанның "Интерпол" Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Қырғызстан азаматы ұсталды

Астана. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда Қазақстанның "Интерпол" Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Қырғызстан азаматы ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ағымдағы жылғы 6 мамырда Қазақстанның "Интерпол" Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Алматы қаласының ІІД қызметкерлері Қырғыз Республикасының 36 жастағы азаматы Эльдар Сағыналиевті ұстады",- деді ол.

Қ.Жұмановтың айтуынша, Қырғызстанның құқық қорғау органдары ағымдағы жылғы 17 наурызда Сағыналиевті алаяқтық жасағаны үшін "қызыл бюллетень" бойынша (қамауға алу және экстрадициялау мақсатында) халықаралық іздестіруге жариялаған болатын.

"Қазіргі уақытта ұсталғанды одан әрі экстрадициялау мақсатында материалдар жіберу үшін Қырғызстанның Интерпол Ұлттық орталық бюросына хабарлама жіберілді",- деді ІІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны