23.01.2007, 19:16 3247

Алматыда қылмыс жасау деңгейі 4,2 пайызға төмендеді - ІІД

АЛМАТЫ. 23-қаңтар. Kazakhstan Today. 2006 жылы Алматы полициясы 16 422 қылмыс тіркеген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,2 пайызға аз. Осындай мәліметтер бүгін Алматы қаласының ІІД кеңейтілген жедел кеңесінде айтылды, деп хабарлайды ведмоствоның баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, қылмыстың аса ауыр түрлерінің саны, соның ішінде кісі өлтіру және адам өміріне қастандық жасау, қарақшылық, ұрлық, боспалаушылық және басқа қылмыстар 4,4 пайызға азайған. Сонымен қатар, полиция "аса ауыр қылмыстарды ашу деңгейі де жақсарған" деп атап өтті.

Баспасөз қызметі қоғамдық орындардағы қылмыстар санының 1,5 пайызға қысқарғандығын да атап өтті.

"Алматыдағы қылмыстық ахуал жалпы тұрақты күйінде қалып отыр"- деді полицейлер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны