13.06.2007, 15:13 2829

Алматыда Қырғызстаннан 12 кг героин алып өтпек болған есірткі сатушы ұсталды

АЛМАТЫ. 13 - маусым. Kazakhstan Today. Алматыда Қырғызстаннан 12 кг героин алып өтпек болған есірткі сатушы ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жедел қызметкерлер Алматыға героин тасымалдайтын кезекті арнаны бүгін таңертең жойған. "Қалаға кіре берісте полицейлер жедел ақпарат бойынша екі есірткі сатушы отырған "Мерседес" көлігін тоқтатқан",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлер, куәгерлердің қатысуымен көліктің қосымша дөңгелегінің баллонын ашып, одан жалпы салмағы 12 кг асып жығылатын героин салынған бірнеше дорбаны тапқандығын хабарлады. "Жігіттер есірткіні өздеріне Қордайда бейтаныс еркектің беріп, Алматыға жеткізуді сұрағандығын, сол үшін 500 АҚШ долларын төлегендігін хабарлады. Сондай-ақ олар тағы 500 АҚШ долларын Нида есімді тапсырыс берушіден алуға тиіс болған",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

"Ұсталғандардың берген жауаптарының шындыққа қаншалықты жанасатындығын тергеу анықтайды. Есірткінің контрабандалық жолмен Қырғыздан әкелінгендігі белгілі. Біз есірткінің ірі топтамысын сату және тасымалдау арнасын тексермекпіз",- деп хабарлады Алматы қалалық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Ғазиз Мағзымбеков.

Баспасөз қызметінен сондай-ақ, осы жылдың бес айында Алматыда 720 есірткі қылмысы тіркелгендігін, есірткі сату дерегі бойынша 512 қылмыстық іс қозғалғандығын хабарлады. Тәркіленген есірткінің салмағы 55 кг асып жығылады. Оның ішінде 21 кг жуығы героин, 38 кг марихуана және 8 кг гашиш.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны