13.05.2008, 16:36 5177

Алматыда "Қорғау-2008" кешенді тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары өткізілуде

Алматыда "Қорғау-2008" кешенді тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары өткізілуде

Алматы. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі - аймақтың аумақтық қорғаныс бастығы Ахметжан Есімовтың өкімімен 2008 жылдың 12 - 19 мамыры аралығында аумақтық қорғаныстың "Қорғау-2008" кешенді тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары өткізіледі. Бұл туралы Қазақстан Бүгін агенттігіне Алматы қаласы жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру департаментінің баспасөз-қызметі хабарлады.

Шараның мақсаты - аумақтық қорғанысты ұйымдастырудағы әскери органдармен жергілікті атқару органдармен өзара қимыл-әрекеттерді қамтамасыз ету, маңызды нысандарды және коммуникацияларды қорғау бойынша қорғаныс іс-шараларын жүзеге асыру.

Оқу-жаттығуға жергілікті атқару органдары, әскери басқару органдары және АҚ және ТЖ қалалық қызметтері, "Оңтүстік" Өңірлік командование, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер Аэромобильдік әскерінің өкілдері тартылған.

Осы іс-шараларды өткізу және дайындық жоспарына, пиғылына сәйкес алдағы оқу-жаттығудың міндетіне лаңкестік актілердің туындау қаупі жағдайындағы басқару, хабарландыру және байланыс жүйелерінің ұйымдастырылуын тексеру, аумақтық қорғаныстың бөлімшелері жеке құрамының жұмылдырылуын, соғыс уақыттағы және төтенше жағдайдағы режимді қолдау кезінде олардың тәжірибелік қимыл-әрекеттерін жүргізу кіреді.

Бір уақытта Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бөлімшелерімен, жергілікті атқару органдарымен, қаланың АҚ және ТЖ қызметтерімен, меншік түріне қарамастан, кәсіпорындармен және ұйымдармен қаланың стратегиялық маңызы бар нысандарды қорғауды қамтамасыз ету бойынша өзара қимыл-әрекеттердің ұйымдастырылуын өңдеу алда тұрған міндеттердің бірі.

Оқу-жаттығуға дайындық барысында оқу-жаттығуға қатысушылардың құрамы анықталды.аумақтық қорғаныс ротасының жеке құрамына арналған үшін далалық лагерьді жайғастыру және оқу-жаттығу ауданын қарап шығу өткізілді. Оқу орындарында сабақ өткізу үшін материалдық база дайындалды. Қару-жарақтарды және әскери техникаларды алу, аумқатық қорғаныс ротасының жеке құрамын орналастыру, киім-кешектермен, тамақпен қамтамасыз ету, сондай-ақ, оқу-жаттығудың қатысушыларын медициналық қамсыздандыру мәселелері өңделді.

Жайғасу орындарына және оқу-жаттығудың оқу нүктелеріне роталар жеке құрамының қауіпсіз жүріп өтуіне және тасымалдау мәселелері шешілді.

Оқу-жаттығу үш кезеңде өткізіледі.

Бірінші кезең - әскери басқарудың жергілікті органдарында саперлік рота және миналау ротасы үшін жеке құрамды хабарландыру, жинау және түзу, жинау орнына марш жасау.

Екінші кезең - аумақтық қорғаныстың басқару органдарымен, роталардың жеке құрамымен сапқа тұру және ату дайындық, әскери үйлесімдік бойынша тәжрибелік сабақтар өткізу. ҚР ҚК Аэромобильдік әскерінің оқу полигонында әскери атумен роталық тактикалық оқу-жаттығу барысында жергілікті атқару органдарының, десанттармен және диверсиялық күштермен күресу бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің бөлімшелерімен аумақтық қорғаныс құрылымдарының өзара қимыл-әрекеттерін ұйымдастыру мәселелері қарастырылатын болады.

Үшінші кезең - инженерлік дайындық бойынша роталардың жеке құрамымен, аумақтық қорғаныстың басқару органдарымен тәжрибелік сабақтар өткізу.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны