02.08.2018, 18:12 4318

Алматыда мамандандырылған ауданарық тергеу соты ашылды

Ұлт жоспарыныӊ 22-қадамы бойынша барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттіктерді тергеу судьясына біртіндеп беруді қамтамасыз ету арқылы сотта айыпталушы және қорғаушы арасындағы теӊгерімді қамтамасыз ету көзделген еді. Сондықтан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биыл 10 қаӊтарда республиканыӊ барлық аймақтарында мамандандырылған тергеу соттарын құру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Алматы. 2 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда мамандандырылған тергеу сотыныӊ салтанатты ашылу рәсімі болды.

"Сот бақылауы деген сот төрелігініӊ екінші тармағы дамып, қалыптасқанына бүгін куә болып отырмыз. Енді адамдардыӊ құқын қорғау жоғарғы деӊгейге көтеріледі. Адамды қамауда ұстау, оны ұзарту немесе босату, үй қамауында ұстау деген сияқты шектеулер тағы басқа да процессуалдық амалдардыӊ бәрін біздіӊ тергеу соттары беретін болады. Қазақстан бұрынғы кеӊестік республикалардыӊ ішінде бірінші болып оны өзініӊ құқықтық тәжірибесіне енгізіп отыр", - деді қалалық сот төрағасы Нұрғазы Ибдіқанов.

Ұлт жоспарыныӊ 22-қадамы бойынша барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттіктерді тергеу судьясына біртіндеп беруді қамтамасыз ету арқылы сотта айыпталушы және қорғаушы арасындағы теӊгерімді қамтамасыз ету көзделген еді. Сондықтан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биыл 10 қаӊтарда республиканыӊ барлық аймақтарында мамандандырылған тергеу соттарын құру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

"Бұл сот халық үшін ашылды. Тағдыры сотта шешіліп жатқан тұлғалар ашық сотта өз құқығын қорғайтын болады. Егер ашық процесте күдіктініӊ айыбын дәлелдейтін дәлел келтірілетін болса, оныӊ бұлтартпау шарасын қабылдауда қорғаушылар да, күдіктініӊ өзі де қатысатын болады", - деді Алматы қалалық сотыныӊ төрағасы Нұрғазы Ибдіқанов.

Мұныӊ алдында тергеу сотыныӊ қызметін прокурор атқаратын.

Тергеу соты судьясыныӊ құзырына қамаудағы тұлғаларды бұлтартпау шарасын қабылдау, үйқамақ немесе экстрадициялық қамау, қызметінен шеттету, кепілдеме қабылдау, мүлікке тыйым салу, мүрдені қайта қазып алу, халықаралық іздеу жариялау, тергеу орындарыныӊ салғырттығына қатысты шағым қабылдау функциялары кірді.

"Мұныӊ алдында прокурор өзі шешім шығаратын. Енді тергеу сотыныӊ судьясы өзі тараптардыӊ қатысуымен процесуалды шешім шығарады. Процеске журналистер де қатыса алады. Тергеу ісініӊ құпиялығын сақтау мақсатында кейбір істер жабық режімде қаралады", - деді сот төрағасы Н.Ибдіқанов.

2015 жылдан бері тергеу сотыныӊ қызметі Алматыда қосымша жүктеме сияқты атқарылып келген болатын. Енді оны Елбасы Жарлығымен тағайындалан 7 судья арнайы мекемеде жүргізбек. Олар орта есеппен күніне 50-60 материалды қарастырады деп жоспарланып отыр. Олардыӊ құзырындағы істердіӊ бәрін бұрын прокурор қағаз жүзінде алып, оны өз кабинетінде отырып қарап, жеке өзі ғана шешім қабылдайтын. Енді Тергеу сотында судьялар барлық тараптарды шақырып, шешімді жария түрде қабылдайды.

Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Орбита-2 шағынауданына орналасатын болады.

Сотта 7 судья, 16 маман жұмыс істейтін болады. Сот төрағасы ретінде Болат Қатықбаев тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны