05.06.2009, 11:02 1347

Алматыда мемлекетке салық төлемдерін төлемеу арқылы 240,8 млн теңгеге залал келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Алматыда мемлекетке салық төлемдерін төлемеу арқылы 240,8 млн теңгеге залал келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Астана. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда мемлекетке салық төлемдерін төлемеу арқылы 240,8 млн теңгеге залал келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті И. Деген азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-тармағының "б" тармақшасы бойынша (Жалған кәсіпкерлік) қылмыстық іс қозғалды.

"Ол кәсіпкерлікпен айналысу мақсатынсыз, "ҚазБиікҚұрылыс" және "Транс-Ш" ЖШС тіркеп, мемлекетке салық төлемдерін төлемеу арқылы 240,8 млн теңгеге залал келтірген",- деп хабарладйы қаржы полициясы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны