25.09.2007, 17:31 3001

Алматыда полицейлер айналымнан 1 кг астам героин тәркіледі

Алматыда полицейлер айналымнан 1 кг астам героин тәркіледі.

Алматы. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда полицейлер айналымнан 1 кг астам героин тәркіледі. Бұл туралы Алматы қалалық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы Ерлан Кебекбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Алматыда тағы бір есірткі сату арнасы жойылды. Бұл жолы заңсыз айналымнан героиннің өте ірі көлемі болып табылатын бір килограмнан астам героин тәркіленді", деп хабарлады Е. Кебекбаев.

"Полицейлер жедел ақпарат алғаннан кейін 33 жастағы Мұрат З-ны аңдауға алған. Тыңшыларға күдіктіні аңдып, жеткілікті дәлелдеме базасын жинау үшін бір айдан астам уақыт қажет болған. Бірнеше бақылаудағы сатып алулардан кейін оны ұстау туралы шешім қабылданған",- деп атап өтті Алматы қалалық Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінен. Жедел қызметкерлер есірткі сатушының сыбайластарының болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "есірткі сатушы тұрақты клиентіне ірі көлемдегі героин сату кезінде қолға түсірілді. Оны ұстау операциясы Райымбек даңғылы мен Жангелдин көшесінің қиылысында түнде жүргізілген".

"Қазіргі уақытта есірткі заттарын тасымалдау арнасын, есірткіні сақтау орнын, сондай-ақ оны сату арнасын анықтауға қатысты жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деп қосты подполковник Е. Кебекбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны