05.02.2008, 18:34 3242

Алматыда санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының сегіз қызметкеріне ескерту жасалып, біреуі қызметінен босатылды

Алматыда санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының сегіз қызметкеріне ескерту жасалып, біреуі қызметінен босатылды

Алматы. 5-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда Алмалы ауданы прокуратурасының ұсынысымен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының сегіз қызметкеріне ескерту жасалып, біреуі қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі қала прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Алмалы ауданының прокуратурасы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында жеке кәсіпкерлік субъектілерін қорғауға бағытталған заңды пайдалануға тексеру жүргізген.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, заң бұзушылықтар тексеру жүргізу жиілігі мен заңсыз тексеру жүргізуге қатысты болып отыр. Қазақстан Республикасының "Жеке кәсіпкерлік туралы" заңының 38-бабына сәйкес тексеру нәтижесі туралы актіге тексеру жүргізген лауазымды тұлға қол қояды. Осы талаптарды орындамастан, "Сервис-Дентал" ЖШС тексеру актісіне бас маман Г. Таханова қол қоймаған. "Дента-люкс" ЖШС тексеру барысында акт жасау мерзімі, уақыты және орны, тексеру жүргізу кезеңі көрсетілмеген.

Осындай заң бұзушылықтармен "Белла" ЖШС бойынша, Құнанбаев ЖК бойынша акт жасалған. "Алмагест" ЖШС тіс емханасы мен "Полиграфия сервис и к" ЖШС бойынша жасалған актіде тексеру жүргізілген субъекті өкілінің актімен танысуы туралы мәлімет көрсетілмеген.

Кейбір жағдайларда, мысалы "Мэджик колорс" ЖШС мен "Петроталл" ЖШС тексеру барысында санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актісі мүлдем жасалмаған, ал келесі бір жағдайда Қазақстан Республикасының Икімшілік заң бұзушылықтар туралы кодексінің 650-бабын бұза отырып, әкімшілік заң бұзушылық туралы іске қатысты өкім алдын ала толтырылған, ал істі қарау мерзімін мұндай құқығы жоқ тұлға белгілеген. Икімшілік заң бұзушылықтар туралы хаттамаларды тіркеу журналы жүйесіз, хронологиясыз толтырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны