03.07.2014, 19:42 3046

Алматыда жаңа киноконцерт залы ашылды

Алматыда жаңа "Алатау" киноконцерт залының ашылу салтанаты болып өтті. Аталған шара жаңа мәдени ғимарат орналасқан Алатау ауданының құрылғанына 6 жыл толуына орайластырылған.

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan today. Алматыда жаңа "Алатау" киноконцерт залының ашылу салтанаты болып өтті. Аталған шара жаңа мәдени ғимарат орналасқан Алатау ауданының құрылғанына 6 жыл толуына орайластырылған.

Алматы әкімі Ахметжан Есімов бұл көпсалалы мекеменің мегаполисте соңғы 35 жыл ішінде салынған алғашқы мәдени нысан екендігін атап өтті, деп қала әкімдігінің ресми порталы хабарлады.

"Жаңа мәдени ғимараттың ашылуы соңғы 35 жыл ішінде біздің қаламыз үшін ерекше тарихи оқиға болып саналады. Екі залы бар 1040 орынды киноконцерт нысаны - Алатау ауданының тұрғындарына гана емес, барша қала жұртына жасалған ерекше сыйлық. Жақын күндері жаңа мәдени ғимарат сахнасының қаладағы жетекшілердің біріне айналатындығына сенімдімін", - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Қала басшысы Алатау ауданының қарқынды түрде тұрақты дамып келе жатқанын айтты. Аудан іргетасы қаланғалы алты жыл ішінде мұнда 9 мектеп, 5 бала бақша, 3 медициналық мекеме, 840 000 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 169 көше жарықпен қамтамасыз етіліп, оларға тасжол төселді, аудан 98%-ға газдандырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны