09.11.2019, 18:49 15165

Алматы қаласының Медеу аудандық сотының судьясы пара алғаны үшін сотталды

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Әбілқайыр мен сол соттың хатшысы Рақышовқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Нұр-Сұлтан. 9 қараша. Kazakhstan Today - Алматы қаласының Медеу аудандық сотының судьясы пара алғаны үшін сотталды.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Әбілқайыр мен сол соттың хатшысы Рақышовқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Әбілқайыр жер телімінің шекарасын анықтауға байланысты азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдауы үшін делдал Рақышов арқылы алдын-ала келісілген 10 мың АҚШ долларынан 3 мың АҚШ долларын пара ретінде алды деп күдіктелді.

Бұл факт сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп анықталды.

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Әбілқайыр 45 459 600 теңге көлеміндегі айыппұлға сотталды.

Осы үкіммен Рақышовқа 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Аталған тұлғалар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны