24.02.2019, 20:10 13960

Алматы облысында жалпы өңірлік өнім 2 трлн.727 млрд. теңгеге жетті

Бюджетке 387 млрд.теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджет түсімі 16,4% өсіммен 202 млрд.теңгені құрады.

Талдықорған. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Биылғы жылы Алматы облысында ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 4,4, млрд. теңге жұмсалады.

Соңғы үш жылда Алматы облысында ішкі істер органдарының материалдық-техникалық жабдықталуына 10 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалған, соның 4,4 млрд. теңгесі биылға жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында белгілі болды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні полиция қызметкерлері автокөлікпен, бейнетіркеу құралдарымен, бейнежетондармен, планшеттермен, компьютерлермен толықтай жабдықталған.

Учаскелік полиция инспекторлары үшін тұрғын үймен біріктірілген 162 учаскелік пункт салынды, 2019-2020 жылдары тағы 58-і салынады деп жоспарланып отыр.

Қоғамдық орындарда Полиция департаментінің пультіне қосылатын 968 бейнебақылау камералары орнатылған (соның ішінде Талдықорған қаласында - 871).

2019 жылы Қапшағай, Қаскелең және Жаркент қалаларына 500 камера қойылатын болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Алматы облысы әкімдігінің базасында "Жетісу - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі ашылды.

Алматы облысында ашық аспан астындағы музей пайда болмақ.

Алматы облысында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткен жылы жалпы сомасы 4,8 млрд.теңгені құрайтын 255 жоба іске асырылды. Қазақстандағы тұңғыш "Рухани жаңғыру" орталығы Талдықорған қаласында іске қосылды. Бұл жайында облыс әкімі Амандық Баталовтың есеп беру жиынында айтылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына орай "Ұлы жебе" мемориалдық кешені ашылды. Талғар ауданының Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейі салынды.

"Ұлы даланың жеті қыры" мақаласын жүзеге асыру аясында "Жетісудың жеті кереметі" ашық аспан астындағы археологиялық саябақтар мұражайға айналады. Сондай-ақ, "Жетісудың жеті өнері" атты ұлттық ат спорты түрлерінен жарыстар, "Цветение яблони Сиверса" туристік фестивалі және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.

Биылғы жылы Алматы облысында 12 денсаулық сақтау нысаны салынады.

Алматы облысының денсаулық сақтау саласында өткен жылы 15 нысан салынды, ал биылғы жылы 12 нысанның құрылысы жүргізіледі. Бұл жайында бүгін Талдықорғанда өткен Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың есеп беру кездесуінде айтылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Биылғы жылы Ұзынағаш ауылында перзентхана, Сарқан қаласында аудандық аурухана, Шелек ауылдық ауруханасы және мемлекеттік - жеке меншік әріптестік аясында Ұзынағаш ауылында емхана құрылысы басталады.

"Медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейі 83%-ке дейін, санитарлық автокөлікпен-78%-ке дейін жеткізілді. "Жетісу" медициналық ақпараттық жүйесі енгізіліп, халыққа ыңғайлы болу үшін мобильдік қосымшалар іске қосылды", - деді А. Баталов.

Сол сияқты электрондық денсаулық паспорттары тұрғындардың 83%-інде бар екендігі (1,7 млн.адам), медициналық мекемелердің 53%-і қағазсыз құжат айналымына өткені, жыл соңына дейін толықтай көшетіні айтылды.

"Көмек 103" жүйесі іске қосылып, ауылдық жерде жедел жәрдемнің келу уақытын 15 минутқа дейін, ал қалада 7 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері жақсаруда.

"Осындай қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы өлім-жітім 3,6%-ке, нәресте шетінеуі - 7,2%-ке, қан айналымы жүйесі ауруларынан қайтыс болу - 7,9%-ке, қатерлі ісіктерден -13,3%-ке төмендеді", - деді өз баяндамасында Алматы облысының әкімі.

Өткен жылы "Талдықорған қаласының көпсалалы ауруханасы" базасында онкологиялық ауруларды ерте анықтауға ықпал ететін Ахуалдық орталық құрылып, 13 медициналық ұйымдар іске қосылды.

Ағымдағы жылыпозитронды эмиссиялық томография орталығын ашу жоспарланып отыр. Бұл екі жоба да мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асырылды.

Алматы облысында үш ауысымды мектептер мәселесі кезеңімен шешіледі.

Өткен жылы Алматы облысында тоғыз мектеп салынып, 30 нысан күрделі жөндеуден өтті. Балалардың қауіпсіздігі үшін 1 092 немесе 67% білім беру ошақтарында бейнебақылау камералары орнатылды, биылғы жылы қамту көрсеткіші 100%-ке дейін жеткізілетін болады. Бұл жайында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов есеп беру жиынында айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Білім сапасы жақсарып, өткен жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балы 85,1-ді құрады (2017 жылғы 77 болатын).

5231 мектеп түлегі жоғары оқу орындарына түсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 35%-ке артқан.

Үш ауысымды мектепді жою мәселесіне келсек, өткен жылы осы мақсаттатөрт мектеп салынды, бірақ, әлі де сондай 34 мектеп қалып отыр. Олардың тоғызының құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттен 4,7 млрд.теңге бөлінді, алтауы биыл бітеді.

Тағы 13 мектеп салу үшін Білім министрлігіне қосымша 13,5 млрд. теңгеге өтінім берілді. Үш ауысымда оқыту мәселесі кезең-кезеңмен шешілетін болады.

Алматы облысында елді мекендерді газдандыру жалғасуда.

Алматы облысында елді мекендерді газдандыру жалғасуда. 798 мың адам тұратын 142 елді мекенде көгілдір отын жеткізіліп, газдандыру деңгейі 30%-ті құрап отыр.Бұл жайында бүгін Талдықорғанда өткен Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың есеп беру кездесуінде айтылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Текелі қаласында магистралды газ құбыры тартылып, жеке инвестиция есебінен қала ішінде, сол сияқты Ескелді, Көксу аудандарында газ тарату желілерінің құрылысы басталды. Балқаш, Қаратал, Кербұлақ аудандарында "Бақанас", "Үштөбе", "Сарыөзек" 3 АГТС-тың құрылысы аяқталды, "Үштөбе" АГТС биылғы жылдың бірінші тоқсанында іске қосылады.

Жалпы 2018 жылы облысты газдандыруға бюджеттен 13,2 млрд. теңге бөлініп, 31 млрд. теңге жеке инвестиция тартылған, бұл орайда бюджет қаржысының 1 теңгесіне жеке қаражаттың 3 теңгесі сәйкес келеді.

Алматы облысында 2018 жылы абаттандыруға 11,5 млрд. теңге жұмсалды.

2018 жылы Алматы облысында абаттандыруға 11,5 млрд. теңге жұмсалып, 57 аула алаңдары, 19 шақырымнан астам арық жүйелері жасалды, 150 км көшеге жарықтандыру орнатылды. Бұл туралы өзінің есепті жиынында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сол сияқты Мемлекет басшысының Қауіпсіздік кеңесінде берген тапсырмасына байланысты облыста коммуналдық қызметтерге тарифтерді төмендету шаралары атқарылуда.

Соның нәтижесінде жылуға төлем 19,4 %-ке, ыстық суға 24 %-ке, сумен қамтуға 9,3 %-ке, электрмен қамтуға - 10,4 %-ке төмендеді. Сол сияқты көмір бағасы да түсірілді. Оған қоса ПИК қызметінің тарифі 10 % (1 шаршы метрге 13-тен 11,7 теңгеге) лифт қызметіне 15 % (1 шаршы м. 22,6-дан 19 теңгеге) төмендеді.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы облысында 2216 шақырым су желісі қайта жаңғыртылды

Бүгінгі күні Алматы облысында 2216 шақырым су желісі қайта жаңғыртылып, 279 мыңнан астам су есептегіш құралдары орнатылған. Орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі 89,6 %-ке жетті, бұл - республикадағы ең жоғары көрсеткіш. Бұл туралы бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың есепті жиныныда айтылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімінің сөзіне сүйенсек, өңірде жуырдағы 2-3 жылда орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтуды қажет ететін 68 ауыл бар.

"Шағын қалаларда орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосу мәселесі оңды шешілуде, ұзақ мерзімдік бағдарлама жасалды. Мысалы, өткен жылы Талғар қаласында газға қосылған 6 блоктық-модульдік қазандықтар орнатып, 538 тұрғыны бар 23 көппәтерлі тұрғын үйлерді қостық. Биылғы жылы Талғар қаласындағы тағы 84 үйді және Қаскелең қаласындағы 4 үйді қоспақпыз", - деді А. Баталов есепті кездесуінде.

Алматы облысында автокөлік жолдарының 78 %-і жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

Алматы облысында "Нұрлы жол" бағдарламасы шеңберінде соңғы төрт жылда 36 мектеп, үш балабақша, үш қазандық, 244 км инженерлік жүйелер салынды. Инвестицияның жалпы сомасы 79,6 млрд. теңгені құрайды, 22,7 мың жұмыс орны құрылған. Бұл туралы бүгін өзінің есеп беру жиынында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

"Нұрлы жол" бағдарламасының арқасында облыстың транзиттік әлеуеті артып, автокөлік жолдарының сапасы жақсарды.

Облыс басшысы жыл сайын өңірде жолдарды жөндеу мен оларды күтіп ұстауға 30 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінетінін айтты.

Жиында сөз болғандай, биылғы жылы "Талдықорған - Өскемен", "Үшарал - Достық", "Күрті - Бурылбайтал", "Ұзынағаш - Отар" сияқты автожолдарды жаңғырту жобалары басталған. Сондай-ақ "Алтын Орда" базары аумағындағы жол 10 жолаққа дейін кеңейтілуде.

"Осы жобалардың өзіне 2019 жылы 50,6 млрд. теңге инвестиция игеріледі, 4,5 мың жұмыс орны құрылып, онда облыс тұрғындары жұмыс істейтін болады", - деді сөзін қорытындылап А. Баталов.

Алматы облысында көп балалы және аз қамтылған отбасыларын қолдау мақсатында Әлеуметтік карта әзірленуде.

Алматы облысында көп балалы және аз қамтылған отбасыларын қолдау мақсатында Әлеуметтік карта әзірленуде. Жалпы өткен жылы әлеуметтік көмектің түрлі формаларына 234 мың адам ие болып, 13,8 млрд. теңге алған. Бұл жұмыс жалғаса бермек. Бұл туралы бүгін өзінің есепті жиынында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

А. Баталовтың мәліметінше, халықтың аталған санатын қолдау үшін үш млрд. теңге көлемінде қосымша қаржы бөлу мүмкіндіктері қарастырылды.

Мәселен. облыс орталығында көп балалы отбасылар үшін көп қабатты екі үйдің жобасын әзірлеу жұмысы басталды, коттедж қалашығынан да үй бөлу мүмкіндіктері қарастырылады. "7-20-25" бағдарламасы бойынша 1 млн. теңгеден тұрғын үй сертификаты беріледі, оның жиынтық сомасы 300 млн. теңге.

Табиғи газға жеңілдікпен қосу да қарастырылып отыр. Бұл мақсатқа 500 млн. теңге бөлінеді.

16 мың жеке тұрғын үйлерге улы газ датчиктері қайтарымсыз орнатылады, оған да 96 млн. теңге жұмсалмақ.

Жыл сайын аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балаларына жоғары оқу орындарына оқуға 100 грант бөлінетін болады. Бұл мақсатқа 44,3 млн. теңге қарастырылып отыр. Қазіргі кезде грантта 246жас оқып жатыр.

Аз қамтылған отбасыларының балалары мектепте ыстық тамақпен 100% қамтылады. Бүгінгі күні осындай32мың бала тегін ыстық тамақпен, мектеп формасымен, жазғы демалыспен қамтылған.

Көп балалы аналар үшін қалалық қоғамдық көлікте тегін жүру мәселесі шешілген (200 млн. теңге). Бұған дейін тегін жол жүру мүмкіндігін 42 мың мектеп оқушысы, студенттер мен зейнеткерлер пайдаланып келді.

Оған қоса халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына жататын отбасыларынан шыққан 31 мың баланың балабақшаларда тамағын субсидиялау ойластырылды, оған бюджеттен 1,2 млрд. теңге бөлінеді.

Бұл орайда әрбір аудан мен ауылдық округтерде электронды Әлеуметтік карта жасалады. Сонымен қатар аудан орталықтары мен қалаларда "Бір терезе" қағидатымен көп балалы және аз қамтылған отбасыларына қызмет көрсететін орталықтар ашылады.

Алматы облысында "7-20-25" бағдарламасы аясында 2025 жылы 4 млн. шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған.

2019 жылы "Халықтың әл-ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" бағыты басшылыққа алынады. Бұл өз кезегінде тұрғын үйлер, жолдар салу, газдандыру, ауыз сумен қамтуға мүмкіндіктер бермек. Бұл туралы бүгін Талдықорғанда өткен ел алдындағы есеп беру кездесуінде облыс әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

2018 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 713,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, соның ішінде "Нұрлы Жер" бағдарламасы бойынша барлығы 39 мың шаршы метр салынды. Кезек ретінің артуына байланысты биылғы жылы "Нұрлы жер" бағдарламасымен пайдалануға берілетін тұрғын үйлер ауқымын екі есе арттырып, 80 мың шаршы метрге жеткізбек. Соның ішінде 42,1 мың шаршы метр несиелік, 32 мың шаршы метр жалгерлік, 5,2 мың шаршы метр коммуналдық тұрғын үйлер, барлығы - 924 пәтер салынады.

"7-20-25" бағдарламасы бойынша 26 массив анықталып, оған 2025 жылға дейін 4 млн. шаршы метр үй салуды жоспарлап отырмыз, соның нәтижесінде 104 мыңға жуық отбасы пәтерлі болады. Алғашқы жарнаны төмендету мақсатында тұрғын үй сертификаты үшін 1 млрд. теңге бөлінді. Тұрғын үй сертификаттарын бөлу тізімі кеңейтіліп, мұғалімдер мен медицина қызметкерлеріне ғана емес, халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына, соның ішінде көп балалы отбасыларға да беру туралы шешім қабылдадық", - деді облыс әкімі Амандық Баталов.

Алматы облысында "7-20-25" бағдарламасы аясында 2025 жылы 4 млн. шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған.

2019 жылы "Халықтың әл-ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" бағыты басшылыққа алынады. Бұл өз кезегінде тұрғын үйлер, жолдар салу, газдандыру, ауыз сумен қамтуға мүмкіндіктер бермек. Бұл туралы бүгін Талдықорғанда өткен ел алдындағы есеп беру кездесуінде облыс әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

2018 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 713,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, соның ішінде "Нұрлы Жер" бағдарламасы бойынша барлығы 39 мың шаршы метр салынды. Кезек ретінің артуына байланысты биылғы жылы "Нұрлы жер" бағдарламасымен пайдалануға берілетін тұрғын үйлер ауқымын екі есе арттырып, 80 мың шаршы метрге жеткізбек. Соның ішінде 42,1 мың шаршы метр несиелік, 32 мың шаршы метр жалгерлік, 5,2 мың шаршы метр коммуналдық тұрғын үйлер, барлығы - 924 пәтер салынады.

"7-20-25" бағдарламасы бойынша 26 массив анықталып, оған 2025 жылға дейін 4 млн. шаршы метр үй салуды жоспарлап отырмыз, соның нәтижесінде 104 мыңға жуық отбасы пәтерлі болады. Алғашқы жарнаны төмендету мақсатында тұрғын үй сертификаты үшін 1 млрд. теңге бөлінді. Тұрғын үй сертификаттарын бөлу тізімі кеңейтіліп, мұғалімдер мен медицина қызметкерлеріне ғана емес, халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына, соның ішінде көп балалы отбасыларға да беру туралы шешім қабылдадық", - деді облыс әкімі Амандық Баталов.

2020 жылға қарай Алматы облысында тау шаңғы курорттарының қуаттылығы 2 есеге артады.

Өткен жылы Алматы облысына келген туристер саны 2 млн. адамға жетті. Бір ғана Алакөл көліне келген демалушылардың саны 1 млн. адамды құраған. Бұл туралы өзінің есеп беру жиынында облыс әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Алакөлге келген жұмыс сапарында берген тапсырмасын орындау барысында Үкіметтің қолдауымен ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту, жағалауды бекіту жұмыстары жасалады, сумен жабдықтау және кәріз жүйелері салынады.

"Біз туристік нысандарға апаратын көлік қатынасын реттеуде мақсатты жұмыстар атқарып жатырмыз. Мәселен, Көлсай көліне, Шарын шатқалына дейінгі жолдар жасалды, Балқаш көліне апаратын 140 шақырымдық жолды жаңғыртуға қатысты ірі жобаны жүзеге асыра бастадық", - деді А. Баталов өз баяндамасында.

Сонымен қатар Мәдениет және спорт министрлігі мен "Қазақ Туризм" бірлесіп тау туризмі кластерін құруға кірісті. Мәселен, жыл басында инвестиция көлемі 30 млрд. теңге болатын "Ой-Қарағай-Лесная сказка" тау шаңғы паркі ашылды.

2020 жылға қарай тау шаңғы курорттарының қуаттылығы 2 есеге артады(2018ж. - 588 мың адам).

Алматы облысында шағын және орта бизнесте 115 мыңнан астам субъект жұмыс істейді.

Алматы облысында шағын және орта бизнесте 115 мыңнан астам субъект болса, мұнда облыстың әрбір төртінші тұрғыны, атап айтқанда 245 мың адамжұмыс істейді.Олар жалпы өңірлік өнімнің үштен бір бөлігін шығарады, ал салық түсімінің көлемі 1,4 есеге, яғни 108 млрд. теңгеге дейін өскен. Бұл туралы бүгін Талдықорғанда өткен Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың есеп беру жиынында белгілі болды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

"Бизнестің Жол картасы" шеңберінде 4,4 млрд. теңге бөлініп, 257 субъектіге қолдау көрсетілсе, "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы аясында облыста 1339 адам жалпы құны 6,1 млрд. теңге болатын микрокредит алған.

Сонымен қатар портфелінде 6,4 млдр. теңге бар "Даму" қоры арқылы да қолдау көрсетіліп отыр.

"Кәсіпкерлік ахуалды жақсарту мен бос бағыттарды анықтау үшін "Атамекен" өңірлік палатасымен бірлесіп кәсіпорындарды скринингтеу жұмысы жүргізіледі. Бұл шаралардың барлығы биылғы жылы ЖІӨ-дағы ШОБ үлесін 28,5%-ке жеткізуге бағытталған", - деп атап өтті А. Баталов.

Өткен жылы шағын және орта бизнестің 100 жаңа нысанын ашу міндеттелген еді. Соның нәтижесінде жоспарланғандай 25,5 мың емес,31 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

Алматы облысында жалпы қуаттылығы 91 мың тонна болатын бес ет комбинатын салу жұмыстары жүргізілуде.

Өткен жылы Алматы облысы 1000 тонна іріқара мал етін экспорттады, биылғы жылы оның көлемін 4000 тонна жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін өзінің есеп беру жиынында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде өткен жылы өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 28%-ке артып, 60 млн. АҚШ долларына жетті", - деді А. Баталов өзінің есепті баяндамасында.

Сол сияқты облыс басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін егістіктен тікелей дүкенге дейін жеткізу үшін оңтайлы логистика құру қажеттігін де атап өтті.

- Бұл мақсатта әлемге танымал "Ранжис" француз компаниясымен бірлесіп, күніне 1000 жүк көлігін өткізе алатын сауда-логистикалық хабтың құрылысы басталады.Инвестиция көлемі - 32,3 млрд.теңге, 7 мың жұмыс орны құрылады, - деді А. Баталов.

Алматы облысында биылғы жылы 25 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіру жоспарланған.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алматы облысыирригациялық желілерді қалпына келтіруге кірісті. Биылғы жылы 25 мың гектар суармалы жердіайналымға қосу жоспарланған.Жалпы толық түгендеу жүргізіліп, қайта жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды, үш жыл ішінде осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен 10,3 млрд.теңге бөлінді. Бұл жайында бүгін Талдықорғанда өткен есеп беру жиынында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өткен жылы Ислам даму банкінен 19 млрд. теңгеге қаржыландыру басталды, бюджет қаражатын қосқанда 15 мың гектардан астам суармалы жер қалпына келтірілді.

"Биылғы жылы 25 мың гектар суармалы жердіқалпына келтіретін боламыз. 2022 жылға дейін бұрын айналымнан шыққан 126 мың гектар суармалы жер пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр", - деді Амандық Баталов.

Картоп Райымбек пен Кеген аудандарының басымдық беретін дақылына айналды.

Өткен жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Райымбек ауданын бөлу арқылы Райымбек және Кеген аудандары құрылған болатын. Райымбек ауданындаөткен жылдан бері өнеркәсіптік картоп өндірісі дамытыла бастады. Бұл туралы бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың есеп беру жиынында белгілі болды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Картоп өндірісін дамыту үшін 26 бірлік техника мен картоптың элиталық тұқымдары сатып алынып, екі сервистік-дайындау орталығы құрылды. Алғашқы 100 гектарда өнімділік 300 центнерді құрады, бұл бұрынғыдан 2 есе жоғары (187 ц/га).

Облыс әкімі екі ауданның дамуына облыстың барлық аудан, қалалары өз үлестерін қосып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар барлық басқару органдары құрылып, әкімшілік ғимараттары мен әлеуметтік нысандарының қайта қалпына келтірілгені, халықтың көші-қоны тұрақтанғаны айтылды. Соның нәтижесінде 700-ге жуық адам өз туған жерлеріне қайта оралды.

Алматы облысы өткен жылы 42 мың тонна ақ қант өндірді.

Биылғы жылы Алматы облысындағы Көксу және Ақсу қант зауыттары42 мың тонна ақ қант өндірді. Жалпы қант қызылшасының алқабы11,2 мың гектарға жетіп, 2014 жылмен салыстырғанда 10 есеге өсті. 442 мың тонна қызылша жиналып, әр гектардың орташа өнімділігі 400 центнерге жетті, ал Ескелді ауданында 520 центнерден өнім алынды. Бұл туралы бүгін Талдықорғандағы Б. Римова атындағы драма театр ғимаратында өткен облыс әкімінің есеп беру жиынында Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сол сияқты облыс әкімі биылғы жылы қант қызылшасының көлемін 14 мың гектарға жеткізіп, 485 мың тонна тәтті түбір алу жоспарланып отырғанын да атап өтті. Алакөл және Қарабұлақ қант зауыттарын қалпына келтіру, Қапшағай қаласында жаңа қант зауытын салу көзделуде.

"Ендігі біздің мақсатымыз -зауытқа тапсырылған өнім үшін шаруашылықтарға төлемді осы айдың соңына дейін аяқтау", - деді А. Баталов.

Алматы облысында ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 700 млрд. теңгеден асты.

Ауыл шаруашылығы Алматы облысының драйвері болып отыр. Бұл саладағы жалпы өнім көлемі 700 млрд. теңгеден асты, агроөнеркәсіп кешеніне 82 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы бүгін ел алдындағы есеп беру жиынында облыс әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы қатарлы технологияларды енгізудің нәтижесінде соңғы он жылда жүгерінің өнімділігі 1,5 есеге артып, 535 мың тонна өнім алынды (67 ц/га). Қазіргі таңда жүгері өсірумен 6 мың шаруашылық айналысады,оларда 19 мың адам жұмыспен қамтылған.

Алматы облысында жалпы егіс алқабы 953 мың гектарға жетті.

Алматы облысында биылғы жылы экспортқа бағатталған үш ірі кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр.

Алматы облысында биылғы жылы экспортқа бағатталған үш ірі кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр. Іле ауданында ресейлік "Лукойл" компаниясының майлау материалдарын өндіретін, қуаты 21 мың тонналық зауыты жұмыс істейтін болады, соның нәтижесінде 27 млрд. теңге инвестиция тартылып, 200 жұмыс орны құрылады. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов есепті жиынында айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кербұлақ ауданында Сингапур-Қытай компанияларының қатысуымен қуаты жылына 1,2 мың тоннаны құрайтын "АлаЦем"цемент зауытын жүргізу жоспарланған. Мұндағы инвестиция көлемі - 47 млрд.теңге,360 жаңа жұмыс орны қарастырылады.

Біріккен Араб Әмірліктерінің "Феникс" және "Заря" компаниялары "Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА аумағында екі комбикорм зауытын салып жатыр. Жылына 60 мың тонна өндіруге қуатты зауыттардың инвестициясы - 5,8 млрд. теңге, жоспарланған жұмыс орны - 135.

Соның нәтижесінде өңдеу өнеркәсібіне 87 млрд. теңге инвестиция тартылып, экспорт көлемі 6%-ке ұлғайып, 395 млн. АҚШ долларын құрайтын болады.

Алматы облысында Трансұлттық компаниялардың қатысуымен басталған 9 жобаның екеуі өткен жылы іске қосылды.

Алматы облысында Трансұлттық компаниялардың қатысуымен басталған 9 жобаның екеуі өткен жылыіске қосылды. Бұл туралы бүгін Талдықорғанда облыс әкімі Амандық Баталовтың тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында айтылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда Іле ауданында "WILO" неміс компаниясының сорғы құралдарын өндіру зауыты ашылды, оның жылдық қуаты 2 мың сорғы шығаруға жетеді, инвестиция көлемі - 2,1 млрд. теңге.

Сол сияқты Қапшағай қаласында қазақстандық ұннан 30 түрлі тағам өнімдері мен полуфабрикаттар дайындайтын "Маревен Фуд" зауыты ашылды. Инвестиция көлемі - 15,4 млрд. теңге, 500-ден астам жұмыс орны ашылды. Олар өз өнімінің 80 %-тен астамын "Қазақстанда жасалған" брендімен Орта Азия елдеріне экспортқа шығарады.

Алматы облысында жалпы өңірлік өнім 2 трлн.727 млрд. теңгеге жетті.

Алматы облысында 2018 жылы экономиканың барлық салаларында оң динамика сақталды. Облыстың жалпы өңірлік өнімі 3,5%-ке өсіп, 2,7 трлн. теңгеге жетті. Бұл туралы бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың есеп беру жиынында белгілі болды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жетісу өңірінің ауыл шаруашылығында өсім 3,6%-ке (703,3 млрд.тг), өнеркәсіпте - 1,1 (883,9 млрд. тг), бөлшек тауар айналымы 7,2 (500,1 млрд.тг), құрылыс жұмыстарының көлемі 1,6%-ке ұлғайды (276,6 млрд.тг).

574 млрд. теңге инвестиция тартылып (103%), 31 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, бұл жоспардан 5,8 мыңға артық (жоспар - 25520), жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ке дейін төмендеді.

Бюджетке 387 млрд.теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджет түсімі 16,4% өсіммен 202 млрд.теңгені құрады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны