23.06.2019, 23:49 26556

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі түзету мекемесі филиалының директоры мен заңгері 187 млн. теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады

Олар облыстың 7 өрт сөндіру бөлімінің құрылысына бөлінген 187 млн. теңге сомасына орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктенуде.

Нұр-Сұлтан. 23 маусым. Kazakhstan Today - Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ІІМ ҚАЖК түзеу мекемелерінің "Еңбек Жауғашты" филиалының директоры мен заңгерінің бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Олар облыстың 7 өрт сөндіру бөлімінің құрылысына бөлінген 187 млн. теңге сомасына орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктенуде.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.

Тергеу жалғасуда.

Кінәлілік дәрежесін анықтау арқылы күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны