13.05.2025, 13:40 36431

Алматыда БҰҰ еріктілер қозғалысының Орталық Азиядағы өңірлік кеңсесі ашылады

Алматыда БҰҰ еріктілер қозғалысының Орталық Азиядағы өңірлік кеңсесі ашылады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.

2025 жылғы 12 мамыр күні Астанада Халықаралық еріктілер жылына дайындық және өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің алғашқы отырысы өтті.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 2026 жылды Тұрақты даму мақсаттарындағы Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялаған болатын.

Аталған жиынға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойлы Құрбанов, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және волонтерлік бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Жиын барысында министр Аида Балаева еліміздегі волонтерлік саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен отандастарымыздың жетістіктері жөнінде баяндады.

Отырыста тағы бір маңызды жаңалық - Алматы қаласында БҰҰ Еріктілер қозғалысының Орталық Азиядағы субөңірлік кеңсесі ашылатыны жария етілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны