13.02.2026, 17:21 4251
Қазақстан мен Қырғызстан одақтастық қатынастарды дамытуды жалғастырып, стратегиялық диалогты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Бішкекке ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевты Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Әңгімелесу барысында С.Жапаров Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық қатынастарды одан әрі тереңдетудің маңыздылығын айқындап, екі мемлекет арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтың дамуындағы оң серпінді қанағаттанушылықпен атап өтті.
Өз кезегінде Е.Көшербаев Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жылы лебіз бен ізгі тілектерді жеткізіп, жоғары және аса жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берді.
Қазақ-қырғыз қарым-қатынастарының әлеуеті зор әрі олар жыл сайын жаңа сапалы мазмұнмен толыға отырып, жыл сайын өрлеу бағытында дамып келе жатқанын атап өткім келеді. Бұған, ең алдымен, Сіздің Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен арадағы тұрақты саяси диалогыңыз ықпал етуде", - деп атап өтті Е.Көшербаев.
Сондай-ақ, Министр Қазақстан екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуді өзара ықпалдастықты тереңдетудің негізгі факторларының бірі ретінде қарастыратынын айтты. Ол біздің еліміздің Қырғызстанның ірі сауда серіктестерінің үштігінде берік орын алып отырғанын атап өтті. Өзара сауда көлемі 2 млрд АҚШ долларын құрады және бұл көрсеткішті 3 млрд долларға дейін жеткізу мақсаты қойылған.
Кездесуге қатысушылар екі елдің көпжақты форматтағы ынтымақтастығын жоғары бағалап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бауырлас мемлекеттердің одақтастық қатынастарды дәйекті түрде нығайту бағытына бейілділігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
14.02.2026, 18:09 2086
Алматыда Қазақстан Сыртқы істер министрінің БҰҰ агенттіктерінің басшыларымен кездесуі өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Біріккен Ұлттар Ұйымының елімізде өкілдік ететін агенттіктері басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сыртқы саяси ведомство басшысы өз сөзінде Қазақстанның Ұйым Жарғысы мен оның халықаралық бейбітшілік, қауіпсіздік және орнықты дамуды қолдаудағы негізгі рөліне деген бұлжымас бейілділігін растады.
Ол сондай-ақ жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның құқықтық мемлекетті нығайтуға бағытталған басты ережелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
Реформа жүйелі де ұзақ мерзімді сипатқа ие, сондай-ақ құқық үстемдігін нығайтуға, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталады", - деп атап өтті Е.Көшербаев.
Бұл ретте Министр Негізгі заңға ұсынылған өзгерістер бойынша түпкілікті шешім 15 наурызда өтетін жалпыұлттық референдумның қорытындылары бойынша қабылданатынын баса айтты.
Кездесу барысында тараптар 2026-2030 жылдарға арналған Орнықты даму мақсаттары жөніндегі ынтымақтастықтың негіздемелік құжатындағы басым бағыттарды талқылады. БҰҰ Елдік тобының алдағы кезеңге арналған жоспарлары және өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту жөніндегі ұсыныстар таныстырылды.
Алматы қаласындағы БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын дамытуға ерекше назар аударылды.
Орталық Ұйымның өңірдегі қатысуын нығайту мен көпжақты ынтымақтастықты ілгерілетуге Қазақстанның қосқан нақты үлесі", - деп атап өтті Е.Көшербаев.
Министр БҰҰ агенттіктеріне ү.ж. 22-24 сәуірде өтетін Өңірлік экологиялық саммитті дайындауға белсенді атсалысып жатқаны үшін алғыс білдіріп, саммит аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ жүйесінде Халықаралық су ұйымын құру бастамасын талқылауға арналған халықаралық консультацияларды өткізу жоспары туралы баяндады.
Қазақстанның цифрлық трансформациясы тұрғысынан Алматыда БҰҰ АзТМЭӘК-ның Азия және Тынық мұхиты аймағы үшін орнықты даму жөніндегі цифрлық шешімдер орталығын құру бастамасының маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша ел мен өңірдің орнықты дамуы мақсатындағы нақты өзара іс-қимылды тереңдету, күш-жігерді үйлестіру және бірлескен бастамаларды ілгерілетуге деген өзара мүдделілік расталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.02.2026, 19:48 316
Мемлекет басшысы АҚШ елшісі Джули Стаффтты қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты күн тәртібінің ауқымды мәселелері бойынша ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты одан әрі нығайтудың, сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді сапалы іске асырудың маңызына назар аударды.
Елші Президент Дональд Трамптың ризашылығы мен ізгі тілегін жеткізіп, Құрама Штаттардың Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға бейіл екенін айтты.
Джули Стаффт елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға оң баға беріп, жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыхалықтық референдумның табысты өтуіне тілектестігін білдірді.
Әңгімелесу барысында Бейбітшілік кеңесі аясындағы қарым-қатынас перспективасы қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған құрылым тұрақтылықты нығайтуға, бейбітшілік пен халықаралық диалогты ілгерілетуге арналған тиімді алаңға айналуы қажет деп санайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.02.2026, 18:38 541
Үкіметте шекарадағы автокөлік өтетін пункттердің өткізу қабілетін арттыру шарасы талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин шекара маңындағы автожол пункттері жұмысының тиімділігін арттыру мәселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазақстан - Қытай бағытындағы автокөліктердің жүк ағыны қарқынды өсуде. Мысалы, 2022 жылы ҚХР-мен шекарадан 639,6 мың көлік өтсе, ал 2025 жылы 1,68 млн көлік өткен. Осылайша, үш жыл ішінде көрсеткіш 2,5 еседен аса өсті. Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты тауар айналымын жылына $100 млрд-қа жеткізу міндетін ескерсек, шекаралық инфрақұрылымға жүктеме әлі де өседі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі өткізу қабілетін арттыру шаралары кешенін ұсынып отыр. Оның негізгісі - өткізу пункттерінің жұмыс уақытын Қытай тарапымен үйлестіру.
Бұған дейін қолданыстағы екіжақты уағдаластыққа сәйкес, Қазақстан - Қытай шекарасындағы өткізу пункттері қысқартылған жұмыс режимі бойынша, сағат 8:00-ден 12:00-ге дейін және 13:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейтін. Өткізу қабілетін арттыру мақсатында кезең-кезеңмен жұмыс режимі ұзартылып, ҚХР шекарасындағы барлық қазақстандық автомобиль өткізу пункті сағат 07:00-19:00 аралығындағы 12 сағаттық режимге ауыстырылды. "Нұр Жолы" ең ірі өткізу пунктінің бірі пилоттық режимде тәулік бойы жұмыс істеуде.
Бұл ретте қазақстандық пункттердің жұмыс режимі 19:00-ге дейін ұзарғанмен, қытай тарапы жұмысты 16:00-де аяқтайды. Уақыт айырмашылығы дайын инфрақұрылымды пайдалануды шектеуде. Алдын ала бағалау бойынша, екі жақтан да сәйкес келетін жұмыс уақытын ұзарту өткізу қабілетін кемінде 20%-ға арттыруға мүмкіндік береді.
Осыған қоса, өткізу пункттерінің аумағынан тыс ілеспе операцияларды шығару моделі жүзеге асырылады. Жүк рәсімдеу, брокерлік және өзге де рәсімдер, әдетте, мемлекеттік шекарадан 1-10 шақырым радиуста орналасқан сауда-логистикалық орталықтар мен уақытша сақтау қоймаларына көшіріледі. Бұл өткізу пункттерінде тек бақылау функциясын ғана орындап, автокөлік құралының шекаралық-кедендік бақылау аймағында болу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда бұл модель Қазақстан-Қытай бағытындағы "Нұр Жолы", "Алакөл", "Бақты", "Қалжат" өткізу пунктінде, сондай-ақ Өзбекстанмен шекарадағы "Б.Қонысбаева", "Қазығұрт" және "Атамекен" пункттерінде толығымен енгізілген. Кезең-кезеңмен жүзеге асыру ЕАЭО сыртқы шекарасындағы басқа да автомобиль өткізу пункттерінде жалғасуда.
Қазіргі уақытта ҚХР шекарасында "Нұр Жолы", "Алакөл" және "Қалжат" өткізу пункті бағытында үш көліктік-логистикалық орталық жұмыс істейді. "Нұр Жолы" маңында ірі автокөлікке арналған мамандандырылған уақытша сақтау қоймасы пайдалануға берілді. "Б.Қонысбаева", "Бақты", "Қазығұрт" және "Атамекен" пункті бағытында жаңа нысандар (УСҚ және КЛО) енгізілді.
Сондай-ақ кеңес барысында қашықтағы автоөткізу пункттерін тұрақты электр энергиясы көзімен, интернетпен және өзге де қажетті инфрақұрылыммен жабдықтап, өткізу қабілетін одан әрі арттыру мәселесі қаралды. Бақты - Аягөз темір жолының құрылысына қатысты Абай облысындағы жұмысты үйлестіру де талқыланды.
Кеңес соңында қытайлық тараппен өткізу пункттерінің жұмыс уақытын ұзарту мен үндестіру мәселесі бойынша келіссөзді жалғастырып, шекара маңындағы жол бағыттарын инфрақұрылымдық жаңғыртуды жеделдету туралы шешім қабылданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.02.2026, 18:17 1846
Қазақстан мен Қырғызстан одақтастық қатынастарды нығайтуды жалғастыруда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Бішкек қаласына ресми сапары аясында Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келіссөздер барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары қазақ-қырғыз ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін талқылады.
Қазақстан Сыртқы істер министрі мемлекеттер басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында екіжақты қатынастар өзара іс-қимылдың сапалы жаңа деңгейіне көтерілгенін атап өтті.
Жоғары деңгейдегі өзара сапарлардың қорытындысы бойынша бауырлас қазақ-қырғыз қатынастарын одан әрі нығайтудың нақты бағыты айқындалды. Өз тарапымыздан Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықты мәңгілік достық пен тату көршілік рухында жан-жақты дамыту үшін бар күш-жігерімізді салуға ниеттіміз", - деді Е.Көшербаев.
Өз кезегінде Ж.Кулубаев бауырластық пен тату көршілік қағидаттарына негізделген екі мемлекет арасындағы одақтастық қатынастардың дәйекті дамып келе жатқанын растады.
Тараптар соңғы жылдары жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыру шараларын жан-жақты талқылап, үкіметаралық өзара іс-қимыл желісі бойынша байланыстарды одан әрі нығайтуға дайын екендерін білдірді.
Қазақ-қырғыз қатынастары қарқынды дамып келеді. Екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық жылдан жылға нығаюда, және Қырғызстанмен одақтастық қатынастарды жан-жақты тереңдетуге ниеттіміз", - деп атап өтті Е.Көшербаев.
ҚР СІМ басшысы Қазақстан Қырғызстанның ең ірі үш сауда серіктесінің қатарында берік орын алып отырғанын айтты. Өзара сауда көлемі 2 млрд АҚШ долларын құрады, және бұл көрсеткішті 3 млрд долларға дейін арттыру мақсаты қойылған. Бұған тауар айналымы номенклатурасын әртараптандыру, өңіраралық байланыстарды одан әрі дамыту және жаңа бірлескен жобаларды іске қосу, оның ішінде трансшекаралық Индустриялық сауда-логистикалық кешен құру ықпал ететін болады, оның іске қосылуының мультипликативтік әсері қазақ-қырғыз ынтымақтастығының барлық бағыттарына таралады.
Е.Көшербаев соңғы 20 жылда қазақстандық компаниялардың қырғыз экономикасына салған инвестициялары 1,4 млрд АҚШ долларын құрағанын атап өтті, сонымен қатар екі елдің мүддесіне инвестициялық өзара іс-қимыл аясын кеңейту сәйкес келеді. Осыған байланысты сыртқы саяси ведомстволардың басшылары ынтымақтастықтың елеулі әлеуетін атап өтіп, энергетика, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларында өзара тиімді ықпалдастықты дамытуға жәрдемдесуге дайын екендерін білдірді.
Екі бауырлас халық арасындағы берік әрі ұзақ мерзімді қатынастардың негізі - мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету перспективалары жеке қарастырылды. Тараптар өткізілетін іс-шаралардың қарқындылығына қанағаттанушылық білдірді. Өткен жылы Қырғызстанда Қазақ киносының күндері, Қазақстан-Қырғызстан Жастар форумының 3-отырысы, сондай-ақ Бішкек қаласында "Алтын көпір" ескерткішінің салтанатты ашылуы өтті. Қазақстанда Ш.Айтматовтың аттас повесі негізінде қойылған "Жәмилә" мюзиклінің премьерасы өтті. Биылғы қаңтар айында Астанада Қырғыз киносының күндері табысты ұйымдастырылды.
Кездесу барысында министрлер өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша да пікір алмасты. БҰҰ аясында тығыз өзара іс-қимылға бейілділіктерін және екі мемлекеттің халықаралық бастамаларын ілгерілету барысында өзара қолдау көрсетуге дайын екендерін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан Сыртқы істер министрлері кеңесі алаңында да ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға дайындық расталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.02.2026, 12:27 931
Воеводина Алматы облысымен ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қоюға ниетті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Воеводина автономиялық өлкесіне барды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сапар аясында Қазақстан дипломаты Өлке үкіметінің төрайымы Майя Гойковичпен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірлер мен қалалар арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру арқылы екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға өзара қызығушылық бар екені атап өтілді.
Елші өңіраралық диалогты қарқынды дамыту ауыл шаруашылығы, IT жобалар, цифрландыру, логистика, білім беру және туризм сияқты салалардағы әріптестік әлеуетін ашуға ықпал ететінін аталып өтті.
М.Гойкович серб тарапының Воеводина мен Алматы облысы арасындағы ынтымақтастық туралы 2016 жылы қол қойылған келісімді өзектендіретін жаңа құжатқа қол қою ниетін растады.
Елші Нови-Сад қаласындағы "NS Seme" Далалық және көкөніс дақылдары ұлттық институтына барып, оның басшылығымен кездесу өткізді.
Қазақ дипломаты отандық тұқым шаруашылығы үшін өзекті мәселелерді, атап айтқанда, дәнді, майлы және көкөніс дақылдарының бірлескен гибридтерін әзірлеу, сондай-ақ, аграрлық ғылым үшін ғылыми кадрларды даярлау мен тағылымдамаларды ұйымдастыру мәселелерін атап өтті.
Өз кезегінде Институт басшылығы ғылыми-зерттеу қызметі туралы ақпарат бере отырып, Қазақстанмен ынтымақтастық орнату "NS Seme" үшін үлкен қызығушылық тудыратынын жеткізді. Сонымен қатар, Қазақстанның бірқатар аграрлық жоғары оқу орындары мен компанияларымен жұмыс тәжірибесі бар екенін атап өтіп, Қазақстанның Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою ниетін растады.
Воеводина автономиялық өлкесі Сербияның солтүстігінде орналасқан. Өлкенің әкімшілік орталығы әрі ең ірі қаласы - Нови-Сад.
Воеводина Сербияның ірі аграрлық, энергетикалық, логистикалық және инновациялық өңірі болып табылады. Өлке аумағында Панчево қаласындағы мұнай өңдеу зауыты, "NS Seme" Далалық және көкөніс дақылдары ұлттық институты, BioSense - Биожүйелердегі ақпараттық технологиялар ғылыми-зерттеу институты, сондай-ақ, Сербияның Жасанды интеллект институты сияқты негізгі өндірістік және ғылыми орталықтар орналасқан. Воеводинаның орталығы Нови-Сад қаласы 2026 жылы Еуропаның спорт қаласы мәртебесіне ие болды.
Сербия Республикасының Статистика басқармасының деректеріне сәйкес, Қазақстан мен Сербия арасындағы сауданың 90%-ы Воеводинаға тиесілі (813 млн еуро).
Нови-Сад қаласындағы Далалық және көкөніс дақылдары институты ("NS Seme") 1938 жылы құрылған. Институт генетика және селекция, тұқым шаруашылығы, микробиология, физиология және биохимия, агрохимия, топырақты мелиорациялау, фитопатология, энтомология, өсімдіктерді қорғау және токсикология және басқа да биотехникалық ғылымдар салаларында зерттеулер жүргізеді.
"NS Seme" институтының күнбағыс генетикалық қоры әлемдегі ең ірі қорлардың бірі болып табылады. Институт әлемнің 34-тен астам еліне екі мыңға жуық тұқым түрін жеткізеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.02.2026, 11:34 731
Қазақстан мен Тәжікстан күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Нигина Ализодамен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-тәжік ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтуға өзара ниет расталды.
Өзара тауар айналымын арттыру, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін тиімді пайдаланудың, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.
Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.
Кездесу барысында Елші тәжік тарапын Қазақстанда 2026 жылғы 15 наурызда өтетін Қазақстанның Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша Республикалық референдум туралы хабардар етті. Ұсынылып отырған конституциялық реформалар саяси жүйені одан әрі жаңғыртуға, заң үстемдігі қағидаттарын нығайтуға, өкілді институттардың рөлін арттыруға, оның ішінде бір палаталы парламент құруға бағытталғаны айтылды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Тәжікстанның сыртқы саяси ведомстволары арасындағы белсенді өзара іс-қимылды одан әрі жалғастыруға, сондай-ақ барлық деңгейлерде сындарлы диалогты дамытуға дайындық расталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2026, 20:39 97441
Қазақстан Жидда қаласында өткен қайырымдылық фестиваліне қатысты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан өткен "Ізгі іс жолындағы бір кесе" (A Cup for a Good Cause) атты жыл сайынғы қайырымдылық фестиваліне қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аталған іс-шараға Қазақстанның қатысуы еліміздің Жидда қаласындағы Бас консулдығының белсенді қолдауымен қамтамасыз етіліп, Сауд Арабиясы Корольдігімен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жұмыс аясында жүзеге асырылды.
Қазақстанның ұлттық экспозициясы фестивальге келушілер мен халықаралық қоғамдастық өкілдері тарапынан зор қызығушылық тудырды. Фестиваль шеңберінде іс-шара қонақтары еліміздің мәдениетімен, ұлттық дәстүрлерімен, дәстүрлі тұрмыс элементтерімен, сондай-ақ қазақ ұлттық асханасының ерекшеліктерімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Ұсынылған материалдар мен экспозициялар қазақ халқының бай тарихи-мәдени мұрасы туралы түсінікті кеңейтуге ықпал етті.
Сонымен қатар, іс-шара қонақтарына Қазақстанның мәдени және танымдық туристік маршруттары ұсынылды. Оларға тарихи қалалар, сәулет ескерткіштері, мәдени мұра нысандары және этнотуристік бағыттар кіріп, халқымыздың дәстүрлері мен тұрмысын таныстыруға мүмкіндік берді.
Қазақстанның мәдени және танымдық туристік маршруттары ұсынылған іс-шарада тарихи қалалар, сәулет ескерткіштері, мәдени мұра нысандары және этнотуристік орындар кіріп, халқымыздың дәстүрлері мен тұрмысы таныстырылды. Жергілікті тұрғындар мен шетелдік қонақтар ел табиғатының сан қырлығын - көркем каньондар мен шексіз далалардан бастап, таулы ландшафттар мен көлдерге дейін - жан-жақты танысу мүмкіндігіне ие болды.
Қазақстанның Бас консулдығы мен қазақстандық диаспора "Өз Елінің мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттаудағы белсенді қатысуы үшін" арнайы естелік сыйлықпен марапатталды.
Жидданың Бірінші Әйелдер Қайырымдылық Қауымдастығы (Jeddah First Women's Charity Association) басқармасының төрайымы Др. Хала Али Хасан қазақ диаспорасына ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді лайықты дәрежеде танытқаны үшін алғыс білдіріп, мәдени өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді.
Өз кезегінде Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов фестивальге Қазақстанның белсенді қатысуы үйлесімді командалық жұмыстың нәтижесі болғанын атап өтті.
Жидда қаласының Бірінші Әйелдер Қайырымдылық Қауымдастығы (Jeddah First Women's Charity Association) ұйымдастырған іс-шараға түрлі елдерден келген 100-ден астам қатысушы, оның ішінде 13 мемлекеттің бас консулдықтары қатысып, өз елдерінің мәдени және ұлттық көрмелерін таныстырды. Фестиваль барысында жиналған қаражат аз қамтылған отбасылар мен балаларға қолдау көрсетуге бағытталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2026, 19:36 97526
Мумбайдағы қазақстандық павильон халықаралық деңгейде танылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстандық делегация Азиядағы ең ірі халықаралық туристік көрмелердің біріне қатысты: "Outbound Travel Market (OTM) - 2026", деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстандық делегация құрамына Қазақстанның Үндістандағы Елшілігі мен Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері кірді. Сонымен қатар іс-шараға жетекші қазақстандық туристік компаниялардың басшылары, сондай-ақ "Air Astana" әуекомпаниясы, "Ritz-Carlton Kazakhstan" қонақүйлер желісі және басқа да бейінді компаниялар сияқты ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қазақстандық павильон заманауи дизайнерлік шешімде көрініс тапқан еліміздің бай және үйлесімді мәдени мұрасын ұсынды. Экспозиция Қазақстанның ұлттық шеберлігін, мәдениеті мен өзіндік ерекшелігін айқын көрсетіп, Орталық Азиядағы жетекші туристік бағыттардың бірі ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал етті.
Ұсынылған экспозиция кәсіби қоғамдастықтың айтарлықтай назарын аударды және көрме қорытындысы бойынша "Қалалық туризмді үздік насихаттағаны үшін" беделді марапатқа ие болды.
Мумбайдағы көрме аясында қазақстандық делегация жетекші туроператорлармен, авиатасымалдаушылармен және халықаралық қонақүй желілерімен 100-ден астам мақсатты В2В кездесулер өткізді. Келіссөздер кіріс туризмін дамытуға, жаңа туристік өнімдерді құруға және серіктестікті кеңейтуге бағытталған, әсіресе болашағы зор үнді нарығына баса назар аударылды.
Көрменің соңғы күнінде Қазақстан "OTM-2026" көрмесімен бірге өткізілген тақырыптық нетворкинг Үндістанның туристік саласымен үнемі дамып келе жатқан өзара іс-қимылын нығайтуға септігін тигізді.
Кездесулер форматы туристік бағыттардың таныстырылымын және Қазақстан мен Үндістан арасындағы туризм, авиация және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықтың тұрақты даму динамикасын айқын көрсетті.
Көрме оның тарихындағы ең ірісі болды: оған 60-тан астам елден, сондай-ақ Үндістанның 30 штаты мен одақтас аумақтарынан 2200-ден астам өкіл қатысты. Іс-шараға қатысушылар арасында үкіметтік құрылымдардың, ұлттық туристік ұйымдардың, әуе компанияларының, қонақ үй желілерінің жоғары лауазымды өкілдері және әлемдік туризм индустриясының жетекші ойыншылары бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
09.02.2026, 22:39Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады 10.02.2026, 12:57 208261Қазақстан СІМ басшысы Түркия Елшісін қабылдады10.02.2026, 13:08 208201Қазақстан мен Латвия транзит және көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда10.02.2026, 14:03 208181Қазақстан мен Америка мемлекеттері ұйымы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады10.02.2026, 16:15 208056Қазақстан мен БҰҰ АзТМЭӘК ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады
19.01.2026, 15:15 224931Өнеркәсіптік объектілер үшін санитариялық-қорғау аймақтарын белгілеудің жаңа қағидалары20.01.2026, 11:17 224271Күн бетінде ең қуатты жарқыл болды20.01.2026, 10:34 2026 жылы салық режимін қалай таңдауға болады: кәсіпкерлер 1 наурызға дейін хабарлама тапсыруы қажет2222162026 жылы салық режимін қалай таңдауға болады: кәсіпкерлер 1 наурызға дейін хабарлама тапсыруы қажет09.02.2026, 22:39 221766Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады21.01.2026, 10:52 217526Қазақстанда заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі егжей-тегжейлі регламенттеледі

