28.09.2020, 19:52 5707

Алматыда ҚР Қарулы Күштерінің XVII Спартакиадасы аясында әскери үшсайыстан чемпионаттар өтуде

Алматыда әскери-қолданбалы спорт түрлерінен ҚР Қарулы Күштерінің XVII Спартакиадасы аясында АОСК базасында офицерлік және әскери үшсайыстан чемпионаттар өтуде

Алматы. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда әскери-қолданбалы спорт түрлерінен ҚР Қарулы Күштерінің XVII Спартакиадасы аясында АОСК базасында офицерлік және әскери үшсайыстан чемпионаттар өтуде.

Оған еліміздің Қарулы Күштерінің әскери түрлері мен тектерінен, өңірлік қолбасшылықтар мен жоғары әскери оқу орындарынан 14 команда бойынша 140-тан астам әскери қызметші қатысуда.

Жарыс бағдарламасына "офицерлік үш сайыс" (Макаров тапаншасынан ату, жүгіру және жүзу) және "әскери үш сайыс" (Калашников автоматынан ату, Ф-1 гранатасын лақтыру кедергілер жолағынан өту) кіреді. Әр сайыс белгілі бір шеберлік пен жақсы дене шынықтыруды қажет етеді. Жүзуде күш пен техника, жүгіруде - төзімділік пен жылдамдық, атуда-қолдың дәлдігі мен қаттылығы қажет.

2017 жылы "Дене шынықтыру және спорт туралы" ҚР Заңына өзгерістер енгізілді. Оның негізінде нормативтік-спорттық біліктілікке сәйкес әскери қызметшілерге әскери - қолданбалы спорт түрлері бойынша "Қазақстан Республикасының спорт шебері" атағы, төрешілерге - "Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт төрешісі", "жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі" беріледі, - деп түсіндірді ҚР ҚМ СК-АОСК төрағасының міндетін уақытша атқарушы, жарыстың бас төрешісі подполковник Еркебұлан Түсіпханов.

Офицерлік және әскери үшсайыс ТМД-ға қатысушы мемлекеттер армиялары спартакиадасының бағдарламасына және Дүниежүзілік әскери спорттық ойындарға (CISM) енгізілді. Сайыста қазақстандық әскери қызметшілер тұрақты түрде жүлделі орындарға ие болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны