30.06.2018, 01:15 5138

Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламентініӊ үшінші сессиясыныӊ жабылуы болып өтті

Үшінші сессия басталған кезде екі Палатаныӊ қарауында 129 заӊ жобасы болса, бүгін олардыӊ 84-і қабылданды. Қазіргі уақытта 65 заӊ жобасына Мемлекет басшысы қол қойып, олар өз күшіне енгізілді.

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today - Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламентініӊ үшінші сессиясыныӊ жабылуында сөз сөйледі. Спикер сөзініӊ мәтінін назарларыӊызға ұсынамыз:

"Құрметті депутаттар! Құрметті Үкімет мүшелері! Құрметті шақырылған қонақтар! Бүгін біз алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламентініӊ үшінші сессиясын аяқтап отырмыз.

Бұл біздіӊ жұмысымызға қорытынды жасап қана қоймай, еӊ біріншіден, алдағы мақсаттарды жоспарлайтын өте маӊызды сәт.

Ирине, депутаттық корпустыӊ бүкіл жұмысы Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ үшінші сессияныӊ ашылуында көрсеткен стратегиялық тапсырмаларын, сонымен бірге Президентіміздіӊ биылғы Жолдауында, "Қазақстан-2050" Стратегиясында көрсетілген барлық міндеттерді жүзеге асыруға арналды.

Баршаӊыз жақсы білесіздер, алтыншы сайланған Парламенттіӊ үшінші сессиясы өте маӊызды және тарихи кезеӊде өтті деуге болады.

Қазақстанымыз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеӊесіне төраға болды.

Біздіӊ елімізде бүкіл әлемніӊ назарын аударған "Экспо" халықаралық көрмесі ұйымдастырылды.

Сонымен бірге елордамызда Сирия жағдайы бойынша "Астана процесі" өтіп, Қазақстанымыз әлемдік деӊгейдегі келіссөздер алаӊына айналды.

Осы барлық шаралар Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ халықаралық биік беделініӊ, ішкі және сыртқы саясаттағы ерен еӊбегініӊ нақты көрсеткіші.

Сонымен бірге үшінші сессия кезінде елімізде тағы бір тарихи оқиға болды. Президентіміз осы Парламентте өзініӊ Бес әлеуметтік бастамасын жариялады. Бұл халқымыздыӊ жағдайын күшейтуге арналған теӊдесі жоқ ерекше қадам. Депутаттарымыз осы бастамаларды заӊ жағынан қолдауға, әрине, белсене араласты.

Елбасымыздыӊ басқа да тапсырмаларын жоғары деӊгейде, сапалы заӊдармен қамтамасыз ету - Парламенттіӊ осы сессиядағы еӊ негізгі, еӊ жауапты міндеті болды.

Оны жүзеге асыру үшін қос Палатаныӊ 4 бірлескен отырысы, Мәжілістіӊ 38, Сенаттыӊ 25 жалпы отырысы өтті.

Онда 400-ге жуық маӊызды мәселе қаралды.

Үшінші сессия басталған кезде екі Палатаныӊ қарауында 129 заӊ жобасы болса, бүгін олардыӊ 84-і қабылданды.

Қазіргі уақытта 65 заӊ жобасына Мемлекет басшысы қол қойып, олар өз күшіне енгізілді.

Соныӊ ішінде еліміздіӊ басты қаржы құжаты - республикалық бюджет туралы заӊды қабылдау - Парламент өкілдерініӊ басты мақсаттарыныӊ бірі.

Осы заӊға депутаттарымыз енгізген ұсыныстардыӊ арқасында бюджеттіӊ әлеуметтік бағытын одан әрі күшейтуге, оныӊ ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілеріне тиісті қаражат бөлінді.

Соныӊ нәтижесінде Елбасымыздыӊ тапсырмасы бойынша барлық әлеуметтік жоспарларды орындау және экономиканыӊ нақты секторын қолдау өз шешімін тапты.

Еӊ бастысы - бюджеттік заӊ жобаларында мемлекеттіӊ әрбір тиыны пайдалы және тиімді болуы - негізгі мақсатқа айналды.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексті қарау барысында Парламент депутаттары Президентіміздіӊ салықтық әкімшілікті жеӊілдету туралы тапсырмасын орындауға зор көӊіл бөлді. Осы ретте барлық мәселелер адал салық төлеушілердіӊ пайдасына шешілетін болады. Жаӊа Салық кодексінде салық төлеушілердіӊ жағдайын жақсартуға және сыбайлас жемқорлықты төмендетуге қатысты көптеген жаӊа нормалар да қосылып отыр.

Сонымен бірге "бір терезе" қызметін енгізу, электрондық декларацияны дамыту және кедендік рәсімдерді жетілдіру туралы Елбасы қойған міндеттерді орындай отырып, біздіӊ депутаттарымыз "Кедендік реттеу туралы" Кодексті қабылдады.

Өздеріӊізге белгілі, Президентіміз кәсіпкерлікті дамыту туралы жыл сайын нақты тапсырмалар беріп келеді.

Осыған байланысты Парламент "Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері жөнінде" Заӊды қабылдап, Мемлекет басшысы оған жария түрде қол қойған болатын. Бұл құжатпен жұмыс кезінде депутаттық корпус, Елбасымыз жүктеген тапсырмаға сәйкес, мемлекеттік бақылау функцияларын 30 пайызға дейін қысқартуға қол жеткізді.

Сонымен қатар ел экономикасын дамыту үшін стандарттау туралы және венчурлік қаржыландыру мәселелері бойынша заӊдар қабылданды.

Парламент жұмысында тағы бір негізгі бағыт - мемлекет құрылысын және азаматтық қоғамды дамытуды заӊ жағынан қамтамасыз ету. Осы жолда "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Заӊға өзгерістер енгізілді. Бұл көпұлтты Қазақстанымыздыӊ бірлігі мен берекесін сақтауды одан әрі күшейтуге арналып отыр.

Ал ақпарат және коммуникациялар бойынша енгізілген түзетулер, еӊ бастысы, еліміздіӊ және әрбір азаматтыӊ ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

Сессия барысында екі Палата депутаттары конституциялық реформа бойынша "Қазақстан Республикасыныӊ Қауіпсіздік Кеӊесі туралы" Заӊ жобасын қарады.

Үшінші сессияда "Сайлау туралы" Конституциялық заӊға да өзгерістер енгізілді. Бұл мәслихат депутаттарын сайлаудыӊ пропорционалдық жүйесін қалыптастыруға, осы саланы цифрландыруға жол ашады. Бұл заӊ сайлаудыӊ одан әрі ашық және демократиялы болуын қамтамасыз ететін болады.

Құрметті әріптестер! Мемлекетіміздіӊ әлеуметтік-гуманитарлық саласы да әрқашанда Парламенттіӊ заӊ шығару қызметініӊ басты назарында.

Осыған байланысты кейбір заӊдарға тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер қабылданды. Олар Қарулы Күштердіӊ, әскери прокуратура, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарыныӊ қызметшілерін тұрғын үймен қамтамасыз етуді жетілдіруге бағытталды.

Үшінші сессия барысында жұмыспен қамту және халықтыӊ көші-қоны мәселелеріне арналған заӊ жобасы бойынша да көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл заӊда электрондық еӊбек биржасы көзделген. Онда республика бойынша барлық жерлердегі бос жұмыс орындары және жұмыс іздеушілер туралы ақпараттар көрсетілетін болады.

Соныӊ ішінде жеке жұмыспен қамту агенттіктері, интернет-ресурстар, бұқаралық ақпарат құралдары да бар.

Осы кезеӊде Президентіміздіӊ тағы бір тапсырмасына сәйкес әлеуметтік мәселелер бойынша кейбір заӊнамалық актілеріне өзгерістер енгізілді.

Үшінші сессия барысында заӊ жұмысыныӊ басым бөлігі - ол, әрине, "Ұлт жоспары - 100 нақты қадам" бағдарламасын іске асыруға арналды. Аталған бағдарлама бойынша Парламент бірнеше заӊ жобаларын қабылдады. Соныӊ ішінде "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодекс. Ол кодексте осы саладағы қатынастарды реттейтін барлық нормалар алғашқы рет бір ғана заӊнамалық құжатқа жинақталды. Оныӊ нәтижесінде экономиканыӊ тиімді болуын арттыруға көӊіл бөлініп, жерді пайдаланушылар үшін де, инвесторлар үшін де жақсы жағдайлар жасалынды.

"100 нақты қадам" Ұлт жоспары аясында тағы бір өте қажетті заӊ жобасы қабылданды. Ол жоғары оқу орындарыныӊ академиялық және басқарушылық дербестігін кеӊейту мәселелері бойынша заӊнамаға енгізілген өзгерістер. Бұл өзгерістер кадрларды даярлау сапасын көтеру және жоғары оқу орындарыныӊ әлеуметтік жауапкершілігін арттырады.

Парламент қызметіндегі тағы бір маӊызды бағыт заӊдылық пен құқықтық тәртіп мәселелеріне байланысты.

Елбасымыз әрқашан да азаматтардыӊ құқықтары мен бостандықтарын қорғаудыӊ кепілі ретінде әділ сот және құқықтық тәртіпті нығайту мәселелеріне назар аударып отырады. Осыған орай Президентіміз енгізген құқық қорғау қызметініӊ процестік негіздерін жаӊғырту жөніндегі заӊ жобасы бойынша көп жұмыстар атқарылды.

Бұл жолда Парламент қабылдаған заӊ қылмыстық сот ісін жүргізуді жаӊа деӊгейге көтеруге, халықаралық стандарттарға сай болуға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге депутаттар "Қылмыстық, қылмыстық-процестік заӊнаманы және құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардыӊ қызметін жетілдіру" бойынша заӊ жобасына да өзгерістер енгізді.

Сессия кезінде қабылданған заӊдардыӊ ішінде, әрине, ратификациялық құжаттардыӊ да орны ерекше екенін айту қажет.

Осы жолда еліміздіӊ сыртқы саясатын және басқа елдермен барлық салада әріптестікті нығайтуға арналған көптеген халықаралық келісімдер мақұлданды. Себебі тәуелсіз Қазақстанымыздыӊ халықаралық және сыртқы экономикалық саясатын заӊ бойынша реттеу, әлемдік деӊгейде еліміздіӊ позициясын нығайту үшін өте маӊызды.

Заӊ шығару кезінде Парламенттіӊ екі палатасы Үкіметпен барлық салада, барлық бағыт бойынша тығыз жұмыс жасады. Соныӊ арқасында көптеген нәтижелерге қол жеткіздік. Бірақ бүгін орын алған кемшіліктер де әлі аз емес.

Бұл, біріншіден, Үкіметтен түсетін заӊ жобаларыныӊ сапасыныӊ төмен болуына байланысты. Оған нақты дәлел ретінде заӊ жобасын Парламентте қарау кезінде тиісті мемлекеттік органдардыӊ көптеген өзгерістер енгізетінін айту керек.

Мысалы, сақтандыру және сақтандыру қызметіне қатысты заӊ жобасын депутаттар қарап бастаған кезде мемлекеттік органдардыӊ өздерінен қосымша 224 түзету енгізілді. Ал кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша заӊ жобасы Мәжіліске кіргеннен кейін мемлекеттік органдар тағы да 254 өзгеріс кіргізді.

Бұл ретте Салық кодексіне енгізілген өзгерістер тіпті рекордтық жағдайға жетті. Осы кодекс бойынша тек Мәжілістіӊ өзін де ғана 5000-нан астам заӊ техникалық және корректорлық өзгеріс енгізілді. Бұл кемшіліктердіӊ барлығы, әрине, заӊ жобасыныӊ сапасына зиян келтіретіні сөзсіз.

Болашақта осындай кемшіліктерге жол бермеу керек деп есептейміз.

Сондықтан заӊдардыӊ сапасы өте жоғары деӊгейде болу үшін Үкімет заӊ жобасын жоспарлау және әзірлеу, және тиісті органдармен келісу кезінде талапқа сай жан-жақты жұмыс істеу керек деп санаймыз.

Құрметті депутаттар! Құрметті бірлескен отырысқа қатысушылар! Сессия кезінде депутаттарымыз үкіметтік заӊ жобаларымен қатар өздерініӊ заӊ шығару бастамасын да ойдағыдай жүзеге асырды. Мысалы, мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Заӊға депутаттарымыз өздері бастамашы болды.

Бұл ретте отандық экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған "Білім туралы" Заӊ да Парламент өкілдерініӊ бастамасымен орындалды. Осы заӊ арқылы кәсіптік білім беру бағдарламаларыныӊ сапасы артып, барлық жерде "дуальды" оқыту енгізілді.

Сонымен бірге "Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы", "Балалардыӊ құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардыӊ қызметі", "Газ және газбен жабдықтау" мәселелері бойынша заӊ жобалары қолға алынды.

Жалпы айтқанда, үшінші сессияда Парламент депутаттары Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ еліміз дамуындағы әрбір бастамаларын заӊ жағынан қолдау үшін бірлесіп жан-жақты еӊбек етті.

Осыған орай қабылданған барлық заӊдар, әрбір іс-шаралар еліміздіӊ тұрақты дамуына, қазақстандықтардыӊ жағдайын жақсартуға, ел бірлігін арттыруға зор ықпал ететіні сөзсіз.

Бұл Сенат пен Мәжілістіӊ және Үкіметпен, барлық мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп атқарған елеулі еӊбектерініӊ жемісі деп білеміз.

Құрметті әріптестер! Парламент өзініӊ негізгі міндеті саналатын заӊдар шығарумен қатар қоғамдық институттармен және халықпен өзара жұмыстарды да табысты жүзеге асырды.

Мысалы, өткен сессияда Парламентте 18 үкімет сағаты, 6 парламенттік тыӊдау, 27 "дөӊгелек үстел", комитеттердіӊ 44 көшпелі отырысы және 3 халықаралық конференция ұйымдастырылды. Олар өте маӊызды еліміздіӊ экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналды.

Еӊ алдымен, әрине, мемлекетіміз үшін, халқымыз үшін тарихи маӊызы зор - жаӊа әліпби мәселесі талқыланды. Осы мәселеге арналған парламенттік тыӊдау мемлекетіміздіӊ рухани жаӊғыру жолындағы нақты және қажетті қадам болып табылады.

Сонымен бірге ауылдарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, орта білім беру жүйесін заӊ жағынан реттеу, Елбасыныӊ Жолдауына сәйкес "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға арналған парламенттік тыӊдаулар және басқа да көптеген жұмыстарды ерекше атап өтуге болады.

Парламент палаталары "Еуразиялық экономикалық перспектива" халықаралық форумын, "Балаға мейірімді Қазақстан" конференциясын, Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті күніне арналған халықаралық конференциясын және еліміз экономикасына инвестициялар тартуға арналған басқа да отырыстарды жоғары деӊгейде ұйымдастырып, өткізді.

Осы жолда "Нұр Отан", "Ақ жол", "Халық коммунистері" парламенттік фракциялары және Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ депутаттық тобы да бірлесе жұмыс атқарды.

Екі Палата депутаттары тікелей халқымыз көтеріп отырған маӊызды мәселелерге де көӊіл бөліп, сессия барысында тиісті органдарға 374 депутаттық сауал жолдады. Оныӊ ішінде Мәжіліс депутаттарынан 274 сауал, Сенат депутаттарынан 100 сауал болды.

Сессия барысында азаматтардан 9 мыӊнан астам хат келіп, олар талапқа сай қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Бұл орайда Парламенттіӊ аймақтарға сапары туралы да ерекше атап өту керек. Себебі өткен кездесулерде депутаттар облыс орталықтарында, аудан мен қалаларда болып, Президенттіӊ Жолдауы мен Бес әлеуметтік бастаманы әрбір отбасына, әрбір азаматқа жеткізді.

Оныӊ нәтижесінде Сенат пен Мәжілістіӊ барлық депутаттары 4 мыӊнан артық кездесу өткізді. Оған 200 мыӊнан артық адам қатысты.

Сонымен бірге үшінші сессияда қос Палата депутаттары басқа елдермен және халықаралық ұйымдармен байланыстарды нығайту үшін де үлкен жұмыстар атқарды.

Бүгінгі күні біздіӊ Парламент 13 парламентаралық ұйым және 80-нен астам елдіӊ парламентімен өзара әріптестік орнатып, 300-ден артық халықаралық іс-шараға қатысты.

Мысалы, Қазақстанныӊ парламенттік делегациялары Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясыныӊ, ТМД Парламентаралық Ассамблеясыныӊ іс-шараларына және Санкт-Петербордағы Парламентаралық Одақтыӊ 137-ші Ассамблеясыныӊ жұмысына, басқа да көптеген шараларға қатысты.

Осындай қадамдар парламентаралық байланысты дамыту арқылы мемлекетіміздіӊ сыртқы саясатын нығайтуға ықпал етеді деп сенеміз.

Құрметті бүгінгі жиынға қатысушылар! Елбасымыз тәуелсіздік алған күннен бастап алдымен Конституциямыздыӊ негізін қалап, одан кейін кәсіби Парламентті құрды. Жоғары заӊ шығарушы орган деп ерекше мәртебе берді. Сол кезден бастап Парламент депутаттары Президентіміздіӊ барлық бастамаларын сапалы заӊдармен қамтамасыз ету жолында қызмет етіп келеді.

Ирине, бізге жеткен нәтижелермен тоқтауға болмайды.

Алдымызда әлі де талқыланатын мәселелер, қабылданатын заӊдар, бірлесіп атқаратын шаралар да өте көп.

Осыған орай келесі төртінші сессияда Парламент Елбасыныӊ Жолдауы мен Бес әлеуметтік бастаманы іске асыруға арналған жұмыстарды одан әрі жалғастыратын болады.

Депутаттық корпус Үкіметпен тығыз байланыс жасай отырып, отандық экономиканы күшейтуге, кәсіпкерлікті қолдауға, әлеуметтік кепілдіктерді сақтауға, елімізді одан әрі нығайтуға және демократияны дамытуға бағытталған заӊдар қабылдайтын болады.

Қазіргі уақытта Парламент қарауында 45 заӊ жобасы бар. Олардыӊ қатарында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы, мемлекеттік статистика, мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі және агроөнеркәсіптік кешенді реттеу, кинематография туралы заӊ жобалары өте маӊызды болып табылады.

"Табиғи монополиялар туралы" Заӊныӊ жаӊа редакциясы азаматтардыӊ мүддесін қорғауды қамтамасыз ету үшін үлкен рөл атқаратын болады.

Сондай-ақ Икімшілік рәсімдік-процестік кодекстіӊ де маӊызы өте зор.

Сонымен бірге алдағы сессияда "Жұмыспен қамту саласыныӊ проблемалары мен даму перспективалары", "Құқық қорғау қызметініӊ процестік негіздерін жаӊғырту барысы" сияқты маӊызды мәселелер бойынша парламенттік тыӊдаулар өткізу жоспарланған.

Жаӊа сессия басталғаннан кейін қазан айында біз Астана қаласында "Инвестиция - жастарға" деген халықаралық конференция ұйымдастыруға бастамашы боламыз.

Құрметті достар! Алтыншы шақырылған Парламент өзініӊ үшінші сессиясын ерекше кезеӊде аяқтап отыр.

Енді бірнеше күннен кейін мемлекетіміздіӊ жүрегі - елордамыз Астананыӊ 20 жылдық мерейтойы аталып өтеді.

Қазақ халқымызда "Кемеге мінген теӊізге шығады" деген қанатты сөз бар. Осы айтылғандай, 20 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ депутаттар алдында жариялаған тарихи идеясы бүгінде барша қазақстандықтардыӊ мақтанышы болып табылады.

Бүгін Астана - Елбасыныӊ ерен ерлігі.

Бүгін Астана - Елбасыныӊ тарихи жеӊісі.

Бүгін Астана - Елбасыныӊ орындалған арманы.

Сондықтан, құрметті депутаттар, құрметті бүгінгі жиынға қатысушылар! Баршаӊызды Елордамыз - Астананыӊ мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіӊіздер.

Үшінші сессия жұмысын қорытындылай отырып, барлық депутаттарға, Үкімет мүшелеріне, барлық әріптестерімізге бірлескен жұмыстарымыз үшін үлкен ризашылығымызды білдіреміз.

Және депутаттар атынан біздіӊ жұмысымызды кәсіби деӊгейде ұйымдастырғаны үшін екі Палата аппараттарыныӊ қызметкерлеріне де алғысымыз ерекше.

Сонымен бірге біздіӊ жұмыстарымызды жоғары деӊгейде насихаттап жүрген ақпарат құралдары өкілдеріне де рақметімізді айтамыз.

Құрметті депутаттар! Құрметті әріптестер! Сөзімніӊ соӊында тағы да баршаӊызға елеулі еӊбектеріӊіз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Алдағы уақытта да зор денсаулық және еліміздіӊ жарқын болашағы үшін жауапты жұмыста мол табыс тілейміз".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны