04.07.2017, 17:57 4367

Америка Құрама Штаттарыныӊ Президенті Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтады

Д.Трамп Америка халқы атынан Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отырған Халықаралық "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесініӊ өткізілуімен құттықтады.

Астана. 4 шілде. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаевты Америка Құрама Штаттарыныӊ Президенті Дональд Трамп құттықтады,- деп хабарлайды Ақорда.

Д.Трамп Америка халқы атынан Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отырған Халықаралық "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесініӊ өткізілуімен құттықтады.

АҚШ Президенті осы жаһандық шараныӊ арқасында Қазақстаннан және дүние жүзініӊ түкпір-түкпірінен келетін миллиондаған қонақтар адам қиялынан нәр алатын технологиялық инновация мен 115-тен астам ұлттық павильондарда көрініс тапқан тамаша әріптестік әлеміне куә болатынын айтқан.

"Америка Құрама Штаттары Астанадағы "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысып, Американыӊ энергетика, ғылым және технология салаларындағы үздік жетістіктерін, сондай-ақ сан қырлы мәдениетімізді көрсетуді зор мәртебе санайды", - делінген хатта.

Сондай-ақ, Д.Трамп АҚШ павильоны өткен ширек ғасырда елдеріміз нығайта түскен стратегиялық серіктестіктіӊ маӊызды нышаны болып саналатынын және оныӊ Құрама Штаттардыӊ алдағы уақытта да өӊірдегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен өсіп-өркендеуді қолдауға деген ниетін білдіретінін атап өтті.

"Президент мырза, "ЭКСПО-2017" көрмесі арқылы энергетикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жаһандық диалогты одан әрі ілгерілетудегі Сіздіӊ көзқарасыӊыз бен көшбасшылығыӊыз үшін Сізге және Қазақстанға ілтипатымды білдіремін. Өзара сыйластық пен ортақ мүддеге негізделген АҚШ-Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік одан әрі нығая түседі деп сенемін", - делінген хатта.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны