11.05.2020, 18:46 4209

Америка Құрама Штаттары үкіметі АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы Қазақстанға қосымша 214 миллион теңге (500 000 АҚШ долларын) бөлді

Қосымша қаржыландыру Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорына (ЮНИСЕФ) вирус қаупі жөнінде ақпараттандыруды жетілдіру және індет профилактикасы мен онымен күресті күшейту үшін бөлінетін болады.

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Америка Құрама Штаттары үкіметі АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы Қазақстанға қосымша 214 миллион теңге (500 000 АҚШ долларын) бөлді. АҚШ үкіметінің Қазақстанның COVID-19 пандемиясымен күресіне қосқан жалпы үлесі 1,6 миллиард теңгеден (3,79 миллион АҚШ долларынан) астам соманы құрады. Қосымша қаржыландыру Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорына (ЮНИСЕФ) вирус қаупі жөнінде ақпараттандыруды жетілдіру және індет профилактикасы мен онымен күресті күшейту үшін бөлінетін болады.

COVID-19 ғаламдық зерттеулерінің мәліметтері егде жастағы адамдар мен ілеспе аурулары бар адамдардың індетке шалынуның қатері жоғары екендігін көрсетті. USAID Агенттігі ЮНИСЕФ арқылы барынша қорғалмаған топтар мен қауымдастықтарға, соның ішінде мүгедек балаларға, қарттарға, интернат мекемелерінің тұрғындарына, жүкті әйелдерге және ауыз су мен санитарлық қамтамасыз етуге зәру адамдарға қолдау көрсетеді. Оған қоса, АҚШ үкіметімен қаржыландырылатын Қазақ Қызыл Айы қоғамымен серіктестікте ЮНИСЕФ қорғалмаған топтармен жұмыс істеп, олармен COVID-19 алдын алудың озық тәжірибелері және машықтарымен бөлісе отырып, жалған ақпараттың таралуын болдырмау мақсатында байланыстарды нығайта түседі.

Осы қосымша қаржыландыруға қоса, USAID және Ауруларды бақылау және профилактика орталықтары арқылы АҚШ үкіметі Қазақстан үкіметіне COVID-19 таралуымен күресте техникалық көмек пен нұсқаулар ұсынады.

Соңғы 20 жыл барысында Америка Құрама Штаттары Қазақстанға 2 миллиардтан астам доллар берді, соның ішінде 86 миллионнан астам доллар туберкулез және АИТВ сияқты індетті аурулардың тарауын болдырмайтын қызметтерге қолжетімділікті арттыруға бағытталған медициналық көмекке жұмсалды.

USAID көптеген дәрілерге төзімді туберкулезді емдеуге, диагностикалауға және болдырмауға бағытталған қызметті қолдап, аса жоғары қатер деңгейіндегі тұрғындар топтары үшін АИТВ/ЖИТС болдырмау және емдеу қызметтерін кеңейту бойынша еңбек етуде. Осы қызмет арқасында ауруларға барынша бейім адамдардың өмірлерін сақтап қалып, қорғап, денсаулық сақтау мекемелерін құрып, қауымдастықтардың барынша нығаюына септігін тигізді.

USAID Агенттігінің COVID-19 індетіне төтеп беру шаралары жайлы толығырақ ақпарат алу үшін https://www.usaid.gov/coronavirus-covid-19 сайтына өтіңіз.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны