11.01.2020, 17:05 11073

Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Әуе қатынасы туралы келісімге қол қойды

"Ашық аспан" жайлы келісімдер - әуе компанияларға халықаралық жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қызметімен айналысу құқығын беру мақсатында АҚШ үкіметі мен оның шетелдік үкіметтік серіктестері арасында жасалатын әуе қатынасы туралы келісімнің бір түрі.

Алматы. 11 қаңтар. Kazakhstan Today -Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Әуе қатынасы туралы ("ашық аспан" жайлы) келісімге қол қойды. Келісімге АҚШ Үкіметінің атынан АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Уильям Х. Мозер және Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов қол қойды. Келісім АҚШ-тың "ашық аспан" халықаралық авиациялық саясатына сәйкес Қазақстанмен азаматтық авиация саласында заманауи қатынастарды орнатуға мүмкіндік береді. Ол тасымалдаудың шексіз сыйымдылығы мен жиілігін, ашық маршрутқа арналған құқықтарды, либералды чартерлік режимді және код-шеринг мүмкіндіктерді қамтиды. Келісім екі елдің үкіметтері арасында дипломатиялық ноталармен алмасудан кейін күшіне енеді.

"Ашық аспан" жайлы келісімдер дегеніміз не? "Ашық аспан" жайлы келісімдер - әуе компанияларға халықаралық жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қызметімен айналысу құқығын беру мақсатында АҚШ үкіметі мен оның шетелдік үкіметтік серіктестері арасында жасалатын әуе қатынасы туралы келісімнің бір түрі. Олар тұтынушыларға, бәсекелестікке және өсуге бағытталған. Осылайша, "ашық аспан" жайлы келісімдер туризм мен сауданы дамытады, сапалы жұмыс орындарын құруға және инклюзивті экономикалық дамуға ықпал етеді. Олардың ережелеріне әуе компаниялардың маршруттарға, сыйымдылыққа, жиілікке және бағаларға қатысты коммерциялық шешімдеріне үкіметтің араласуын болдырмау жөніндегі өзара міндеттемелер кіреді, осылайша әуе тасымалдаушылар тұтынушылар мен жүк жөнелтушілерге анағұрлым қол жетімді, ыңғайлы және тиімді әуе қызметін көрсете алады. "Ашық аспан" жайлы келісімдер әуе компаниялардың икемділігін арттырады, олардың бірлескен маркетингтік мүмкіндіктерін кеңейтеді, жүктерді жедел жеткізу жаһандық желілерін құруға мүмкіндік береді, чартерлік тасымалдау ережелерін ырықтандырады және үкіметтерді авиациялық қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын сақтауға міндеттейді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны