16.06.2014, 19:33 4919

АӨСШК хатшылығы қыркүйекте Астанаға көшіріледі - Е. Ашықбаев

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің хатшылығы Алматыдан Астанаға биылғы жылы қыркүйек айында көшіріледі.

Алматы. 16 маусым. Kazakhstan today. Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің хатшылығы Алматыдан Астанаға биылғы жылы қыркүйек айында көшіріледі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев мәлім етті.

"Біз кеңестің хатшылығын жаздың соңына дейін көшіреміз деп жоспарлап отырмыз. Қыркүйекте Астанада хатшылықтың ресми түрде таныстырылымы өтеді", - деді Ержан Ашықбаев.

АӨСШК тұңғыш саммиті 2002 жылы өтті.

АӨСШК қатысушы елдер - Изербайжан, Ауғанстан, Бахрейн, Вьетнам, Мысыр, Үндістан, Ирак, Израиль, Камбоджа, Қазақстан, ҚХР, Қырғызстан, Моңғолия, Палестина, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Тайланд, Түркия, Өзбекстан.

Бақылаушы-елдер: Бангладеш, Индонезия, Ливан, Малайзия, АҚШ, Украина, Филиппин, Жапония.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны