05.06.2014, 19:57 3335

Ир аймақ үшін "жемқорлық тәуекелінің төлқұжаты" жасақталды - Қаржы полициясы

"Қылмысты алдын-алу үшін біз әр аймақта "жемқорлық тәуекелінің төлқұжатын" жасақтадық. Нәтижесінде, өткен жылдың басынан бері тек мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында 500 қылмыс әшкереленді", - деді М. Ахметжанов.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan today. Бүгін ОКҚ өткен брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Марат Ахметжанов, әр аймаққа "жемқорлық тәуекелінің төлқұжаты" жасақталды, деп ағынан жарылды.

"Қылмысты алдын-алу үшін біз әр аймақта "жемқорлық тәуекелінің төлқұжатын" жасақтадық. Нәтижесінде, өткен жылдың басынан бері тек мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында 500 қылмыс әшкереленді", - деді М. Ахметжанов.

Сонымен қатар, ол мемлекетке 6 млрд теңгеден астам сомаға шығын келтірілгенін тілге тиек етті.

"Айта кетерлік жайт, біздің қызметіміздің басты мақсаты кәсіпкерлердің құқығын қорғау және оларға түсетін әкімшілік салмақты азайту", - деп ол баса айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны