14.01.2026, 10:47 2141
Қарағанды облысында әлеуметтік сала мәселелеріне арналған жиын өтті
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өңірдің әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды. Жиынға әлеуметтік бағыттағы салалық министрліктердің өкілдері және Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Денсаулық сақтау саласы бойынша ведомство өкілдері медициналық қызметтің сапасы мен алғашқы медициналық көмектің рөлін арттыруға басымдық берілетінін атап өтті. Сонымен қатар жүйе тұрақтылығы тек қаржыландыру мен инфрақұрылымға ғана емес, аурудың алдын алу, ерте анықтау және халықпен ашық әрі тығыз байланыс орнатуға да тікелей байланысты екені айтылды. Осындай кешенді тәсіл денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемені азайтып қана қоймай, азаматтардың медициналық ұйымдарға деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау саласы өзара тығыз байланыста жұмыс істейтін біртұтас жүйе болуға тиіс. Алғашқы медициналық көмек, профилактика, ауруларды ерте анықтау және көрсетілетін қызметтің сапасы бір жүйе ретінде жұмыс істегенде ғана нәтиже болады. Сондықтан өңірдегі басшылардың жауапкершілігі мен медициналық ұйымдардың жұмысына тұрақты бақылау ерекше маңызды", - деді вице-премьер.
Отырыста әлеуметтік саясаттағы өзекті мәселелер де көтерілді. Бұл салада халықтың сенімі нақты ережелер мен тиімді басқаруға тікелей байланысты екені айтылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев атаулы әлеуметтік қолдауға көшу және өңірлік төлемдерді біріздендіру мәселелеріне тоқталды. Өзгерістерді енгізу барысында әрбір азаматқа жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жергілікті деңгейде барлық үдерістерді дұрыс жолға қою маңызды екені сөз болды. Себебі адамдар үшін қандай өзгеріс болып жатқанын, оның себебі мен өздеріне қалай әсер ететінін нақты түсіну аса маңызды.
Білім беру саласы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың қолжетімділігі, маман тапшылығы мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау мәселелеріне баса назар аударылды. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2-6 жас аралығындағы балалардың 90,9%-ы балабақшамен қамтылғанымен, әлі де 25 мыңнан астам балаға орын қажет. Аида Балаева қазіргі білім беру тек мектеп пен балабақша санына ғана емес, оқыту сапасына, білікті кадрларға және балалармен жұмыс істеудегі заманауи тәсілдерге де байланысты екенін атап өтті.
Өңірдегі кадр даярлау мен ғылымды дамыту мәселесі де назардан тыс қалмады. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еңбек нарығына қажетті мамандарға болжам жасауға мүмкіндік беретін ұлттық сауалнама жүргізіліп жатқанын хабарлады. Мұндай шаралар кадр саясатын нақты жоспарлауға және жоғары оқу орындары мен колледждердегі білім беру бағдарламаларын технологиялық өзгерістерге сай уақтылы бейімдеуге жол ашады. Бұл ретте білім беру жүйесі мен еңбек нарығы біртұтас механизм ретінде жұмыс істеуі тиіс.
Сонымен қатар туризм мен бұқаралық спортты дамыту мәселелері талқыланды. 2025 жылғы 9 ай қорытындысы бойынша өңірде 370 мың туристке қызмет көрсетілген, жалпы табыс 8 млрд теңгеге жеткен. Аталған саланы одан әрі дамыту үшін инфрақұрылымды жетілдіру, туристік аймақтарды әр маусымға дайындау және демалыс орындарындағы қоғамдық қауіпсіздікті күшейту қажет екені айтылды.
Кездесу соңында Аида Балаева ведомствоаралық өзара байланысты күшейтіп, өңірлік деңгейде әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруды тапсырды. Басым бағыттардың қатарында денсаулық сақтау саласында профилактика шараларын күшейту, әлеуметтік қолдау тетіктерін нақтылау, білім беру жүйесін цифрландыру, экономиканың сұранысына сай кадр даярлау, сондай-ақ мәдени орта мен бұқаралық спортты дамыту өмір сапасын арттырудың ажырамас бөлігі ретінде айқындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
14.01.2026, 09:13 2401
Қанат Бозымбаев өңірлерде "Ауыл аманаты" жобасының жүзеге асырылу барысын тексерді
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев министрліктердің, облыс әкімдіктерінің және "Amanat" партиясының қатысуымен өңірлік даму жөніндегі жоба кеңсесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Отырыста "Ауыл аманаты" жобасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы, сондай-ақ былтыр қараша айында өткен ауыл әкімдерінің диалог-платформасының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде есеп тыңдалды.
2025 жылдан бастап "Ауыл аманаты" жобасы жаңа қағидаттар негізінде жүзеге асырылуда. Қаржыландыру өңірлердің нақты қажеттіліктерін ескере отырып және артық бюрократиялық рәсімдерсіз бөлінуде. Негізгі назар кооперацияны дамыту мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге аударылған.
2025 жылы жобаға облыс әкімдіктеріне 50 млрд теңге бөлінді. 2026 жылы республикалық бюджетте жобаны жалғастыруға 100 млрд теңге қарастырылған, оның шамамен 60 млрд теңгесі 600-ге жуық кооперативті қолдауға бағытталмақ.
Отырыста Ақмола облысының Ерейментау ауданында ет кластерін құру жобасын іске қосу перспективаларына ерекше көңіл бөлінді. Жоба өңір үшін маңызды мәнге ие. Осыған байланысты Қанат Бозымбаев мемлекеттік қолдау бағдарламаларын ескере отырып, жобаның экономикалық және ұйымдастырушылық параметрлерін қосымша пысықтауды тапсырды.
Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары Ұлттық экономика министрлігіне әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметін қайта пішімдеу жөнінде ұсыныстар дайындауды, сондай-ақ "Ауыл кәсіпкерлігі инфрақұрылымы" бағытын өңірлік стандарттар жүйесіне енгізуді тапсырды.
Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-мен бірлесіп, "Ауыл аманаты" жобасы аясында кепілдік беру тетіктерін әзірлеу және тиісті нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу міндеттелді.
Облыс әкімдіктеріне екі апта мерзімде "Amanat Nesie" ақпараттық жүйесіне барлық өңірлердің толық қосылуын қамтамасыз етіп, ауыл тұрғындарына "Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша жеңілдікті несиелер беруді ұйымдастыру тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2026, 08:57 2661
Қазақстан Үкіметі жер қойнауын зерттеудің жаңа кезеңіне кірісуде: геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөлінеді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағын геологиялық зерделеуді қазіргі заманғы геологиялық барлау әдістерімен қамтуды ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстан Үкіметі биыл жер қойнауын зерттеудің жаңа кезеңіне анағұрлым егжей-тегжейлі ауқымда кіріседі, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Мәселен, қойылған міндеттерді ескере отырып, өткен жылы 100 мың шаршы шақырым жалпы алаңда 1:50.000 масштабты геологиялық түсірілім жүргізуге 20 жоба әзірленді, одан кейін жыл сайын 30 мың шаршы шақырым болатын ең перспективалы учаскелер қамтылды. Салыстыру үшін айтатын болсақ, кеңес заманында жасалған картаның бұрынғы масштабы 1:200.000 болды.
Таяудағы үш жылда жоғарыда аталған 20 жобаны жүзеге асыру үшін, сондай-ақ аз зерттелген шөгінді бассейндер аумағында сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізуге, қазіргі заманғы геологиялық инфрақұрылымды құруға 240 млрд теңге немесе шамамен $500 млн бағыттау жоспарланып отыр, жалпы соңғы 15 жылда $469 млн салынды.
Жобаларға Жерді қашықтықтан зондтау деректерін талдау, аэрогеофизикалық және геохимиялық зерттеулер, далалық жұмыстар кешені кіреді. Учаскелер тізбесін қалыптастыру кезінде қорлардың сарқылу факторлары, жер қойнауын пайдаланушылардың болмауы не ең аз саны және пайдалы қазбалардың басым түрлері бойынша перспективалылығы ескерілді. Нәтижесінде мыс, алтын, қорғасын, мырыш, сирек жер элементтері, барит, боксит кен орындарын анықтау бойынша әлеуеті жоғары алаңдар анықталды.
Бұдан бөлек, аз зерттелген мұнай-газ перспективалы - Солтүстік Торғай, Шу-Сарысу және Сырдария бассейндерінде сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ зертханалық-талдамалық базаны жаңғырту және геологиялық деректерді цифрландыру көзделуде.
Осы масштабта жер қойнауын геологиялық зерттеуге көшу Еуропалық Одақ, Канада, Аустралия, Қытай елдерінің халықаралық тәжірибесіне сәйкес келетін геологиялық болжамдардың дәлдігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
Аймақтық картаға егжей-тегжейлі түсіру перспективалы аумақтарды анықтау, геологиялық және инвестициялық тәуекелдерді азайту және кейіннен геологиялық барлау мен пайдалы қазбаларды өндіруге жеке инвестицияларды тарту үшін базалық негіз болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.01.2026, 20:35 4446
Елімізде су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленуде
Достарға айту
Қазақстанда суды басқарудың бірыңғай цифрлық кеңістігі қалыптасуда. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ол Мемлекет басшысының су секторын цифрландыру жөніндегі тапсырмалары шеңберінде негізгі жоба - Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Экономиканың орнықты дамуы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде су ресурстары саласының маңызы зор екені айқын. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, су саласының Цифрлық трансформация картасын бекітті. Аталған карта 3 нақты нысаналы көрсеткішті айқындайды, оларға қол жеткізу судың ашық есебін жасауға, шығындарды азайтуға және жоспарлау сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Су саласының 9 негізгі бизнеспроцестеріне реинжиниринг жүргізілген болатын. Ал, нысаналы модель электрондық рәсімдерге көшуді, бірыңғай тізілімдер мен орталықтандырылған деректер жиынтығын құруды, су пайдаланушының жеке кабинетін енгізуді және салыстырып қарау мен тексерулерді автоматтандыруды көздейді. Нәтижесінде мерзімдер мен кезеңдердің қысқаруы, ашықтықтың өсуі және қателіктердің төмендеуі күтіледі; процедуралар 51 %-ға жеңілдейді.
Бүгінгі таңда осы салада 24 мемлекеттік көрсетілетін қызмет қолжетімді, барлығы да - онлайн форматта. 2025 жылы көрсетілетін қызметтердің 95%-ы онлайн орындалды, бұл дегеніміз цифрлық арналарға тұрақты көшкендігін растайды. Мемлекет басшысының су секторын цифрландыру жөніндегі тапсырмалары шеңберінде негізгі жоба - Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі жүзеге асырылуда. Ақпараттық жүйе электрондық үкімет, ведомствоаралық интеграция және ақпараттық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес әзірленеді. Қазіргі кезде базалық функциялар жүзеге асырылып жатыр, аналитика мен болжау функциялары енгізілуде. 11 мемлекеттік ақпараттық жүйені интеграциялау есебінен суды басқарудың бірыңғай цифрлық кеңістігі қалыптасады, бұл деректердің дұрыстығын арттыратын болады. Перспективалық жобалардың тағы бірі ол - электрондық шарттар жасасу және су тұтынуды болжау жүйесі. Қазіргі таңда бұл жүйе пилоттық режимде жұмыс істейді, ал өнеркәсіптік пайдалануға беру осы жылдың соңына дейін деп жоспарлануда. Азаматтарға пайдалану ыңғайлы болу үшін Egov mobile, екінші деңгейлі және 1С банктермен интеграциялауды жоспарлап отырмыз. Осы жылы 103 суару каналын автоматтандыру басталады. Оңтүстік өңірлерде - Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында - бекітпелерді басқару көзделген. Ислам даму банкінің қолдауымен тағы 264 каналды цифрландыру жоспарлануда", - деп атап өтті Жаслан Мәдиев.
Сондай-ақ министр суды жоспарлау және басқаруға арналған бағдарламалық қамтылым қарастырылып отырғанын айтты. Қашықтан басқару пульті аралар тексеруді алмастырады және 24/7 судың таралуын автоматты бақылауды қамтамасыз етеді. "Smart Turmys" тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығының бірыңғай цифрлық платформасы қалыптастырылуда, ол коммуналдық қызметтер бойынша азаматтарға арналған бірыңғай интерфейске айналады. Сонымен қатар халыққа қолайлы болу және есеп айырысудың ашықтығын арттыру үшін бірыңғай төлем құжатының моделі пысықталды. Басты міндет - нысандарды есептеу құралдарымен және деректерді онлайн беру арқылы автоматтандырылған жүйелермен жарақтандыру. Бұл өндірістен тұтынуға дейінгі, соның ішінде әлеуметтік нысандарды қоса алғанда, барлық кезеңді бақылауды қамтамасыз етеді.
2030 жылға дейін сумен жабдықтау саласында деректерді онлайн-беруді 100% қамтамасыз ету қажет. Аталған саланы цифрландыруға Astana Hub экожүйесінің стартаптары елеулі үлес қосуда. Қазір экожүйеде ақылды есептегіштер, ағып кету датчиктері және суды автоматтандыру жүйелері сияқты су секторының цифрлық шешімдерін жасайтын 11 жоба бар. Осы стартаптардың жиынтық табысы 6,3 млрд теңгені құрайды, бұл инновациялардың ел экономикасының бір бөлігіне айналғанын көрсетеді. NеоPrо су арнасын басқарудың бірыңғай платформасы ерекше назар аударуға тұрарлықтай. Платформа көптеген модульдерді қамтиды және бақылау мен диспетчерлеуді, цифрлық егізді, апаттық бақылауды, түбіртектерді автоматтандыруды және өтінімдерді басқаруды қамтамасыз етеді. Шешім Шымкент қаласында сәтті енгізілді.
Сондай-ақ AgriTech Hub - 2017 жылдан бастап ауыл шаруашылығы мен су ресурстарын басқаруға арналған спутниктік деректер, Big Data және AI негізінде цифрлық шешімдерді әзірлейтін стартапты атап өткім келеді. Оның миссиясы - аграрлық сектор үшін тұрақты шешім құруға арналған заманауи талдау әдістерін болжамды модельдермен біріктіру арқылы табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға және тәуекелдерді азайтуға көмектесетін аналитикалық деректерді ұсыну. 2025 жылы жобаларды 2 ел қамтыды: бірі Өзбекстан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Түркістан және Жамбыл облыстарының жүзеге асырылған жобалары. Биыл жоба Қазақстанның барлық аумағын қамти отырып, кеңейіп келеді. 2026 жылға Орталық Азияда (Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан) қызметтерді кеңейту, трансшекаралық су ресурстарының спутниктік деректерімен алмасудың халықаралық платформасын іске қосу, сондай-ақ Big Data және MLшешімдерді дамыту жоспарлануда", - деп атап өтті Жаслан Мәдиев.
Ал, су ресурстарын есепке алу, мониторингілеу және талдау процестерін автоматтандыру мақсатында 2026 жылдың соңына дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға беруді қамтамасыз ету қажет. Бұдан бөлек, нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін инженерлік желілерді цифрландыруды күшейту және деректерді онлайн-беру арқылы есепке алу аспаптарын енгізуді әкімдіктерге жеделдету ұсынылады. Сонымен қатар әкімдіктерге салалық жүйелерді интеграциялауды және бірыңғай тізілімдерді дамытуды жалғастыру қажет. Бұл деректердің салыстырмалылығын қамтамасыз ете отырып, ашықтықты арттырады және суды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.01.2026, 19:16 5636
Қасым-Жомарт Тоқаев "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысына компанияның өткен жылы атқарған қызметінің нәтижелері және газ саласында іске асырылған негізгі жобалар жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Әлібек Жамауов газ тұтыну көлемінің артып келе жатқанын және газ өңдеу зауыттарының әлеуетін еселеу қажет екенін ескере отырып, геологиялық барлау мен құрылыс жұмыстарын жандандыруға баса назар аударылғанын айтты. Газ инфрақұрылымын кеңейтуге, соның ішінде Астана қаласы мен агломерациясын көгілдір отынмен қамтамасыз етуге басымдық беріледі.
Президентке былтыр табиғи газға 400 мыңға жуық тұрғыны бар 112 елді мекен қосылғаны жөнінде айтылды.
Талдықорған - Үшарал газ құбырының іске қосылуы өткен жылдың ең айтулы оқиғаларының бірі саналады. Бұл жұмыс межеленген мерзімнен 1 жыл 4 ай бұрын аяқталды. Аталған газ құбыры Жетісу облысындағы 84 елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз етіп, өңірдегі газдандыру деңгейін 76 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Бұдан бөлек, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде "Бейнеу - Бозой - Шымкент" магистральды газ құбырының екінші желісін тарту, Қашағанда жылына 1 миллиард текше метр газ өңдейтін зауыт салу барысы жайында баяндалды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша газ саласының ресурстық базасын дамыту үшін Жамбыл облысындағы "Малдыбай" кен орнында жұмыс жүргізіліп жатыр. Амангелді тобының құрамындағы "Бархан" кен орны іске қосылды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа цифрлық шешімдерді енгізу жайында мәлімет берілді. Aqyl Energy бастамасы аясында заманауи технологияларды, жасанды интеллект элементтері мен деректерді талдауды қолдана отырып, газ құбырын есепке алу және басқару үдерісін цифрландыру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу соңында Президент тұрғындар мен өндіріс ошақтарын жылыту маусымында газбен тұрақты қамтамасыз ету шараларын жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізуге және газ саласының ресурстық базасын нығайтуға қатысты міндеттер жүктеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.01.2026, 18:30 5086
Еліміздің барлық елді мекендері сумен толық қамтамасыз етілді
Достарға айту
Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру мәселелері бойынша өткен Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Мемлекет басшысының халықты 2025 жылдың соңына дейін ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының толық орындалғаны туралы баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Вице-министрдің сөзінше Мемлекет басшысының "2025 жылдың соңына дейін халықты толығымен ауыз сумен қамтамасыз ету" жөніндегі тапсырмасына сәйкес, сумен жабдықтау инфрақұрылымын дамыту бойынша кешенді жұмыс жүргізілді. Осы жылдар аралығында бюджеттен шамамен 835 млрд теңге оның ішінде Арнаулы мемлекеттік қордан - 132 млрд теңге бөлініп, 1 600-ден астам жоба жүзеге асырылды.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 34 қала мен 756 ауыл орталықтандырылған сумен қамтылды. Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен 699 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылды. Салыстырмалы түрде, 2021 жылы ауыл халқының 90 пайызы және қала халқының 97,5%-ы сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізді. Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасы толық орындалып, еліміздегі 90 қала мен 7,5 млн тұрғыны бар 6087 ауыл ауыз сумен толық қамтамасыз етіліп отыр.
Оның ішінде ауылдардың:
- 4747 орталықтандырылған жүйеге қосылған
- 1102 ауылда суды тазарту блок-модульдері арқылы қамтамасыз етілген;
- 219 халқы аз елді мекенде сумен жабдықтау жеке ұңғымалар есебінен жүзеге асырылады.
- 19 елді мекенде шалғай орналасуына және су көздерінің болмауына байланысты ауыз су тасымалдау арқылы жеткізіледі.
Аталған елді мекендерде орта есеппен 70 адамнан тұрады. Әртүрлі сумен жабдықтау тәсілдері тек қолжетімділікті қамтамасыз етіп қана қоймай, қаржылық шығындарды тиімді пайдалануға мүмкіндік берді. Жұмыс барысында сумен жабдықтау сапасына айрықша басымдық беріліп, магистральдық құбырлар жаңғыртылды.
Барлығы 9,5 шақырым желі қайта жаңартылып, кеңейтілді. Оның ішінде қалаларға қатысы 1,8 мың шақырым, ауылдарда - 7,7 мың шақырым су желілері жаңғыртылды. Нәтижесінде желілердің тозуы деңгейі 38%-ға дейін төмендеді. Қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасуда. Халық санының өсуі, желілердің тозуы және жаңа аудандардың салынуы осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізуді және қызмет сапасын арттыруды талап етеді. Бұл міндеттерді орындау үшін қаржылық инвестициялар мен басқарушылық, техникалық біліктілік қажет. Сондықтан жұмыс екі негізгі бағытта, яғни жалпы трансферттер мен Энергетика мен коммуналдық секторды жаңғыртуға арналған Ұлттық жоба аясында несиелік қаражаттар есебінен жүргізілетін болады. Осы жылға жалпы трансферттер аясында 128 млрд теңге бөлінді, оның ішінде сумен жабдықтауға - 78 млрд теңге, су бұруға - 50 млрд теңге", - деді өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов.
Өз кезегінде, Министрлік жобалардың жүзеге асырылу барысына тұрақты негізде мониторинг жүргізетін болады. Ұлттық жоба аясында коммуналдық секторға әртүрлі қаржы көздерінен бір де тоғыз триллион теңге тарту жоспарлануда. Жобаларды кешенді жоспарлау және бақылау үшін Техникалық оператор институты енгізілді. Оның басты қызметі - табиғи монополия субъектілерінің өтінімдерін қарау, жобалау кезінде қазақстандық өнімге басымдық беру, техникалық-технологиялық шешімдерді сараптау мен мониторинг жүргізу. Алайда, аталған институт тапсырыс берушілер мен әкімдіктердің функцияларын қайталамайды, техникалық-технологиялық шешімдердің сапасы мен тиімділігін қадағалайтын болады. Сонымен қатар қаржыландыру көзін анықтау және тарифті кепілдендіру үшін Қаржылық оператор институты енгізілді.
Қабылданған шаралар жобалық қателіктердің салдарынан туындайтын шығындар мен мерзімнің ұзаруын алдын алуға мүмкіндік береді. Жалпы Ұлттық жоба аясында 2,8 мың шақырым су бұру және 5 мың шақырым сумен жабдықтау желілері, сонымен қатар 45 қалада кәріз тазарту құрылғылары жаңартылады. Нәтижесінде 2030 жылға дейін сумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейін 33%-ға, су бұру желілерін - 41%-ға дейін төмендету жоспарлануда. Қазірде саланың басты проблемалық мәселелерінің бірі - қалалық кәріз тазарту құрылғыларының ескіруі болып отыр. Олардың басым бөлігі 50 жылдан астам уақыт бұрын салынған және орташа тозу деңгейі 65%-дан асып, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға тікелей әсер етуде. Өткен жылы Ақтау және Леңгір қалаларында жаңа кәріз тазарту құрылғылары іске қосылды. Осы жылдың соңына дейін Атырау, Қызылорда, Қарқаралы және Қаражал қалаларында тағы 4 тазарту құрылғыларын іске қосу жоспарлануда.
Сонымен қатар халықаралық қаржы ұйымдарының несиелері, "Бәйтерек" холдингі арқылы облигациялық несиелер, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік мехнизмі және арнайы трансферттер сияқты әртүрлі қаржыландыру көздері арқылы тағы 45 құрылғы жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Оның ішінде жеті жоба Еуропа қайта құру және даму банкі және Азия даму банкі несиесі арқылы жүзеге асырылады. Жобаны өтінімнен бастап нысанды пайдалануға беруге дейінгі бүкіл өмірлік циклді қамтитын кешенді тәсілді қамтамасыз ету мақсатында, 2025 жылғы қарашадан бастап Ұлттық жоба аясында Біртұтас электрондық платформа іске қосылды.
Платформа 5 негізгі модульден тұрады. Қазіргі таңда Министрліктің құзыреті аясында 89 жоба тіркелген, олардың ішінен ең тозған инфрақұрылымы бар табиғи монополия субъектілері бойынша 31 басым жоба анықталған. Жобаларды жүзеге асыру министрліктің бақылауында болады. Цифрландыру сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртудың ажырамас бөлігі және коммуналдық инфрақұрылымда тұрақты пайдалануды қамтамасыз етудің, жүйелі басқарудың, бақылаудың және шығындарды азайтудың қажетті шарты болып саналады. Осыған байланысты байланыс арналары арқылы көрсеткіштерді автоматты түрде жинауға арналған телеметрия технологиясы бар автоматтандыру жүйелеріне және есепке алу аспаптарына қойылатын талаптарды стандарттау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ұлттық жоба аясында су арналары кәсіпорындарының процестерін кезең-кезеңімен автоматтандыру көзделген, бұл шығындарды, апаттылықты және электр энергиясына жұмсалатын шығындарды азайтуға, сондай-ақ жабдықтардың қызмет ету мерзімін ұзартуға бағытталған. Іс-шараларды жүзеге асыруға Дүниежүзілік банк қаржыландыруын тарту жоспарлануда. Отандық және халықаралық сарапшылармен бірге 5 қаладағы - Астана, Шымкент, Орал, Екібастұз және Шахтинсктегі су арналары қызметінің бағалануы жүргізілді. Нәтижесінде процестерді оңтайландыру бойынша ұсыныстар дайындалды және біртұтас цифрлық шешімдерді және кезең-кезеңімен енгізуді қарастыратын техникалық-экономикалық негіздемені дайындау үшін техникалық тапсырма әзірленді.
Сумен жабдықтау аспаптарын орнату бойынша өтінімдерді қалыптастыру мақсатында әкімдіктер мен табиғи монополия субъектілерімен жұмыс жүргізілуде. 2026-2028 жылдары 3,6 миллионнан астам "ақылды" су есептеу құрылғыларын орнату жоспарлануда. Сонымен қатар 2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы халыққа жолдауында су саласында халықаралық тәжірибе мен біліктілікті қолдануды, соның ішінде басқарушы компанияларды тартуды тапсырған болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында өткен жылы жетекші еуропалық және азиялық басқарушы компаниялармен келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде әлем бойынша тәжірибесі бар ең ірі халықаралық желілік операторлар - Veolia, Suez және Aqualia компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Атап өтетіні, бұл формат активтерді беру емес, мемлекет бақылауын сақтай отырып, басқарушылық компетенциялар мен халықаралық үздік тәжірибелерді тартуға бағытталған. Қазіргі уақытта бірнеше азиялық компаниялармен келіссөздер жалғасуда.
Сумен жабдықтау саласын дамыту, соның ішінде цифрландыру мәселелері, Министрліктің тұрақты бақылауында. Осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғастырылатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.01.2026, 17:27 4566
Су министрлігі көктемгі су тасқынынан қорғау шараларын күшейтуде
Сурет: gov.kz
Достарға айту
ҚР су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында көктемгі су тасқынының алдын алу және оның салдарын азайту жөніндегі жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Оның айтуынша, 2024 жылғы ауқымды су тасқынынан кейін елімізде су тасқыны қаупін азайтуға бағытталған шаралар кешені қабылданған. Бұл жұмысқа жергілікті ғана емес, орталық атқарушы органдар да тартылды. Әр өңір үшін жыл сайын іс-шаралар жоспарлары әзірленіп, жүзеге асырылуда.
2025 жылы өзен арналарын санациялау, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу, бөгеттерді нығайту және салу, сондай-ақ лиманды суару алаптарын қалпына келтіруді қоса алғанда, ауқымды жұмыстар жүргізілді. Министр атап өткендей, бұл шаралар өз тиімділігін көрсетті. 2025 жылы су тасқынынан келетін залал көлемі азайды.
Осы жылдың ақпан айында ведомство судың келетін көлемі мен деңгейін көрсете отырып, әрбір өзен бойынша болжамдар ұсынуды жоспарлап отыр.
Су тасқыны қауіпі туындаған жағдайда жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп елді мекендерді су басуға жол бермеу үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады", - деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.01.2026, 17:09 5876
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президент - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының 2025 жылы атқарған қызметі туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік әзірлігі және Қарулы күштерді дамытудың басымдықтары жөнінде мәлімет берілді.
Дәурен Қосанов цифрлық технологияларды енгізу, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстары, сондай-ақ қорғаныс инфрақұрылымын жетілдіру шаралары туралы баяндады.
Сонымен қатар Президенттің Қарулы күштер сапында тәртіп орнату жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы жайында ақпарат ұсынылды.
Кездесу соңында Жоғарғы Бас қолбасшы министрге армияның жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру, әскери және құқықтық тәртіпті күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.01.2026, 16:49 4041
ҚР-да жерасты суларын кешенді пайдалану тұжырымдамасы әзірленуде
Достарға айту
Үкімет отырысында ҚР су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов сумен жабдықтау нысандарын салу және жаңғырту жобаларын жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Министр бүгінгі таңда республикалық меншікте халқының жалпы саны 1 млн 330 мың адам болатын 546 ауылды сумен қамтамасыз ететін 26 топтық су құбыры бар екенін атап өтті. 2024 жылдан бастап "Қазсушардың" трансформациясы аясында халықтың тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында су құбырларын жергілікті атқарушы органдарға кезең-кезеңімен беру жүргізілуде, бұл су алу көзінен бастап соңғы тұтынушыға дейін толық бақылауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сумен жабдықтау инфрақұрылымын жақсарту мақсатында Министрлік 2025 жылы республиканың 9 өңірінде сумен жабдықтау объектілерін салу және қайта құру бойынша жалпы сомасы 103,2 млрд теңгені құрайтын 30 жобаны жүзеге асырды.
Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражат сумен жабдықтау нысандарын салу бойынша ауқымды жұмыстарды жүргізуге асыруға мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде белгіленген мақсатты индикаторларға қол жеткізіліп, асыра орындалды. Жыл қорытындысы бойынша жоспарланған 9 жобаның орнына 15 жоба аяқталды. Нәтижесінде 1 599 шақырым сумен жабдықтау желілері және 8 су құбыры кешенінің алаңы салынды, жалпы саны 514 мың адам құрайтын 277 елді мекенде су беру және сумен жабдықтауды жақсарту қамтамасыз етілді, оның ішінде 73 елді мекен алғаш рет орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізді.
Айта кету керек, егер 2021-2023 жылдар аралығында топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша аяқталған жобалар саны бар болғаны 6 болса, соңғы екі жылдың ішінде 22 жоба аяқталып пайдалануға берілді, бұл жалпы саны 722 мың адамы бар 326 елді мекенде сумен жабдықтауды жақсартуға мүмкіндік берді.
2026 жылы 12 жобаны аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда, бұл жалпы халқы шамамен 540 мың адамды құрайтын 142 ауылдық елді мекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді. Негізгі нысандардың бірі - Шардара топтық су құбыры болмақ, оның құрылысы 2026 жылдың шілдесінде аяқталып, Шардара қаласын жерасты көздерінен ауызсумен қамтамасыз етеді. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін қаланың ауызсумен қамтамасыз етілуі толығымен жаңа су құбыры есебінен жүзеге асырылатын болады. Осының арқасында Шардара су қоймасындағы су көлемінің азаюы тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз етуге әсер етпейтін болады. Сонымен қатар Министрлік елдің үш облысында (Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Түркістан облыстарында) 5 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын жалғастыруда, олардың аясында ірі топтық су құбырларының бас құрылысжайларын салу көзделген", - деп мәлімдеді Нұржан Нұржігітов.
Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді және сараптама қорытындысын алуды 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтау жоспарлануда, содан кейін оларды қаржыландыру мәселесі қарастырылатын болады.
Министрдің сөзінше, тұрақты сумен қамтамасыз ету шараларын дамыту аясында биылғы жылы Өгем өзенінде гидроэлектрстансалар каскады бар су құбырын салу жөніндегі инвестициялық жоба бойынша жобалық құжаттаманы әзірлеуді бастау жоспарлануда, ол мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде жүзеге асырылады. Жобаның құны 191,7 млрд теңге. Жоба жыл сайын 110 млн текше метр ауыз су беріп, 72 МВт·сағ электр энергиясын өндіруді көздейді, бұл аймақтағы энергетикалық қуаттар тапшылығын ішінара жабуға, сондай-ақ Түркістан облысының бес ауданы: Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Жетісай және Мақтаарал аудандарының 1 млн-нан астам тұрғынын таза ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, Атырау және Маңғыстау облыстарының халқын ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында Министрлік "Көкжиде", "Айшуақ" және "Солтүстік - Айшуақ" жерасты су көздерінен аталған облыстардың елді мекендеріне дейін өнімділігі тәулігіне 170 мың текше метр құрайтын магистральдық су құбырын салу мәселесін пысықтауда. Бұл жобаның жүзеге асырылуы шамамен 1,5 млн адамды ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні мемлекеттік инвестициялық жоба әзірленіп, экономикалық қорытынды алу үшін Ұлттық экономика министрлігінің қарауына енгізілді.
Жалпы, елде 4 мыңнан астам жерасты су көздері барланған, олардың бекітілген пайдалану қоры жылына 15,7 млрд текше метр шамасында. Алайда бүгінгі күні бұл ресурс бекітілген қордың бар болғаны 7-10 %-ы ғана пайдаланылуда. Жерасты сулары жеткілікті зерттелмеген, қорлардың едәуір бөлігі барланбаған күйде қалып отыр, ал олардың нақты әлеуетін айқындау үшін қосымша ауқымды зерттеулер мен бағалау жүргізу қажет.
Осыған байланысты, аталған министрлікте жерасты суларын кешенді пайдаланудың тұжырымдамасын әзірлеу басталған. Тұжырымдаманың жүзеге асырылуы жерасты суларын игерудің тиімділігін едәуір арттыруға, халықты және экономика салаларын ұтымды әрі тұрақты сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ елдің су қорын сақтау мен дамытуға ықпал ететін болады. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етумен қатар, мемлекеттік су саясатының ең маңызды басымдылығы бұл су ресурстарын ұтымды және тұрақты пайдалану, оның ішінде су үнемдеу шараларын қабылдау. Ұтымды су пайдалану үшін ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте және тұрмыста суды үнемді пайдалану мәдениетін қалыптастыру ерекше маңызға ие. Аграрлық секторда негізгі екпін заманауи, үнемді суару әдістеріне көшу болып саналады. Бұл әсіресе 2025 жылғы вегетациялық кезеңде анық көрінді, ол құрғақшылық және су шаруашылығы жүйесіне түскен жоғары жүктеме жағдайында өтті. Дегенмен, уақтылы қабылданған басқару шешімдері мен аймақтық деңгейдегі үйлестірудің арқасында суару маусымы аграрлық сектор үшін шығынсыз аяқталды.
Жалпы 2025 жылы 1,2 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлерін суаруға 11,1млрд текше метр су пайдаланылды. Суару маусымының қиын жағдайларын жеңілдеткен факторлардың бірі су үнемдеу технологияларын енгізу болды. 2025 жылы осы технологиялар қолданылған 153,5 мың гектар жер енгізілді. Сарапшылардың болжамы бойынша алдағы вегетациялық кезеңде Оңтүстік Қазақстан өзен бассейндерінде су ағынының қысқаруы күтіледі. Сырдария өзенінің жоғарғы ағысында көрші мемлекеттер аумағында орналасқан су қоймаларының қазіргі толуы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,2 млрд текше метрге төмен. Оңтүстік өңірдегі су қоймаларының толуы өткен жылмен салыстырғанда 1,9 млрд текше метрге аз. Бұл күз-қыс маусымындағы жауын-шашынның азаюы, мұздық ағынының қысқаруы және климаттың өзгеруінің жалпы әсеріне байланысты объективті шындық. Бұл факторлар ұзақмерзімді сипатқа ие және одан жүйелі бейімделуді талап етеді. Министрлік тарапынан 2026 жылғы суару маусымына дайындық басталып, бұл бағытта жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Суару каналдары мен гидротехникалық құрылыстарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда. Өңірлерде фермерлермен кездесулер өтіп, су үнемдеу қажеттілігі және ылғалды аз қажет ететін дақылдарға көшу мәселелері түсіндірілуде.
Атап айтқанда, 2025 жылдың желтоқсан айының басында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында көшпелі кеңестер өткізіліп, онда су тұтыну лимиттерін қатаң сақтау және су үнемдейтін технологияларға жедел көшу міндеттілігі ерекше атап өтілді. Бұнымен қоса, Министрлік 2026 жылдың ақпанында су келуінің ең пессимистік сценарийін ескере отырып су тұтынудың нақтыланған лимиттерін әзірлейді, ал Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026 жылғы наурыз айында егістік құрылымын түзетеді. Сонымен қатар су ресурстарын заңсыз пайдалануға қарсы күрес маңызды бағыт болып қала береді. Бас прокуратурамен бірлесіп іс-шаралар жоспары әзірленді. Бұл құжат су ұрлығы мен заңсыз су пайдалануға тиімді қарсы күрес үшін құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдардың қатысуымен Республикалық ведомствоаралық жұмыс тобын құруды көздейді.
Су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелерін кешенді шешу мақсатында Министрлікке Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге суару суын жеткізу қызметтерінің құнын, сондай-ақ суарудың су үнемдеу технологияларын енгізуге инвестициялық салымдардың бір бөлігін субсидиялау жөніндегі функциялары берілді. Осыған орай мемлекеттік қолдау шаралары қайта қаралып, олар тұрақты және өлшемді нәтиже беріп отыр. Атап айтқанда, фермерлердің су алу және жеткізу инфрақұрылымын тартуға, су үнемдеу технологияларын сатып алуға және орнатуға жұмсалған шығындарын өтеу үлесі 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды. Тарифке байланысты субсидиялардың дифференциалды мөлшері енгізілді. Егер 2024 жылға дейін су үнемдеу технологиялары енгізілген алаңдардың өсімі орта есеппен жылына 30 мың гектар құраса, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында бұл көрсеткіш бірнеше есе ұлғайып, соңғы екі жылда орта есеппен жылына 150 мың гектар құрады. Су үнемдеу технологияларын қолдана отырып суарылатын алаң 543,5 мың гектарға дейін өскен, 2030 жылға қарай бұл алаңды 1,3 млн гектарға дейін жеткізу жоспарлануда.
Осы мақсаттарға жету үшін 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер арқылы жергілікті бюджеттерге 228 млрд теңгеден астам қаражат жеткізілді, бұл алдыңғы үш жылдық кезеңмен салыстырғанда төрт есе көп. Көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру Ауыл шаруашылығы министрлігі меншік иесі болып саналатын Субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі (СБМАЖ) арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жүйеге салалық мәртебе беру мәселесі пысықталуда.
Өнеркәсіп секторында өнеркәсіптік кәсіпорындарда су пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Жаңа Су кодексі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қайталама және айналымды сумен жабдықтау жүйелеріне кезең-кезеңмен көшуіне қойылатын талаптарды бекітті. Бұл үшін жеті жылдық мерзім бөлінді, оның ішінде 2 жыл өтпелі кезең және 5 жыл жоспарларды іске асыру кезеңі. Бұл шешім 2030 жылға қарай суды қайталама және айналымды пайдалану үлесін 13%-дан 28 %-ға дейін екі еседен астам ұлғайтуға мүмкіндік береді, өз кезегінде бұл шамамен 1,5 млрд текше метр суды үнемдейді. Тұрмыста ұтымды су пайдалану бағыты бойынша Министрлік су үнемдеудің тұрмыстық жағдайлардағы әдістемелік ұсынымдарын бекітті, олар суды үнемдеудің негізгі шараларын көздейді. Тұрмыстық жағдайларда суды үнемдеу әдістерін егжей-тегжейлі талдау бойынша аналитикалық зерттеу жүргізілді, мұнда тұрмыстық жағдайларда суды ұтымды тұтынудың көрнекі әдістері мен есептеулері келтірілген", - деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.
Министрдің сөзінше "Таза Қазақстан" жалпыұлттық республикалық акциясы аясында мектеп оқушыларымен "Суды үнемде - болашақты сақта" тақырыбындағы кездесулер ұйымдастырылып, шамамен екі млн оқушы қамтылды. Әрі қарай бұл бағдарламаны жоғары оқу орындары мен колледждерде жалғастыру жоспарлануда. Сондай-ақ осы акция аясында "Мөлдір бұлақ" бағыты бойынша Министрлік су экожүйелерін сақтау және қалпына келтіру бойынша шараларды дәйекті түрде жүргізуде. 2025 жылғы 27 қыркүйекте бүкіл ел бойынша су объектілерінің жағалау аймақтарын тазалауға және халықтың су ресурстарына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған ауқымды экологиялық сенбілік өткізілді. Бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады. Бұдан бөлек, Француз даму агенттігінің (AFD) қолдауымен, сондай-ақ Арал теңізін құтқару халықаралық қорының Атқарушы комитеті (АҚХҚ АК) және ЮНИСЕФ-пен бірлесіп, Қызылорда облысының аумағында "Қазақстанның балалар мен жастар арасында су ресурстарын сақтауға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру бойынша білім беру" жобасы жүзеге асырыла бастады. Сонымен бірге Министрлік Көлік министрлігімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әуежайларда, теміржол вокзалдарында, қоғамдық көлікте және әкімшілік ғимараттарда ақпараттық материалдар орналастыру арқылы су ресурстарын ұтымды пайдалану мәдениетін қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда, елді мекендерде, әуежайларда және вокзалдарда 200-ден астам LED-экранда ақпарат көрсетілуде, ал жергілікті атқарушы органдардың әкімшілік ғимараттарында 10 000-нан астам ақпараттық стенд орнатылды.
Қазіргі жағдайда цифрландыру су ресурстарын тиімді басқарудың негізгі бағыттарының бірі. Осыған байланысты Министрлік салада цифрлық технологияларды енгізуге бағытталған жүйелі шаралар кешенін жүзеге асыруда. Осы жылдың басынан бастап Министрлік фермерлермен су беру жөніндегі шарттарды электрондық форматта жасасуға көшу жұмыстарын жүзеге асыруда. Аталған жүйе аграршыларды сумен қамтамасыз етудің толық циклін, су алуға өтінім беруден бастап шарт жасасу, нақты су тұтынуды дәл есепке алу және кейінгі төлем жүргізуге дейінгі барлық үдерістерді қамтиды. Жүйені енгізу деректердегі айырмашылықтарды болдырмауға, әкімшілік үдерістерді оңтайландыруға, адами фактордың әсерін барынша азайтуға, сондай-ақ су ресурстарын бөлу мен су пайдаланғаны үшін есеп айырысулардың объективтілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, Министрлік жүргізіп жатқан инфрақұрылым нысандарын салу және жаңғырту, су үнемдеу мен цифрлық технологияларды енгізу сияқты жұмыстар кешені күрделі климаттық тәуекелдер жағдайында су ресурстарын тиімді пайдалану тетіктерін қалыптастыруға бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
14.01.2026, 08:57Қазақстан Үкіметі жер қойнауын зерттеудің жаңа кезеңіне кірісуде: геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөлінеді 14.01.2026, 09:13 3291Қанат Бозымбаев өңірлерде "Ауыл аманаты" жобасының жүзеге асырылу барысын тексерді14.01.2026, 10:47 3031Қарағанды облысында әлеуметтік сала мәселелеріне арналған жиын өтті
07.01.2026, 09:29 178646Православиелік қазақстандықтар Рождество мерекесін тойлап жатыр07.01.2026, 10:33 178521Мемлекет басшысы Рождество мерекесімен құттықтады08.01.2026, 10:10 1106162026 жылы Қазақстанда медицина қызметкерлерінің еңбек ақысы көтеріледі және құқықтық қорғалуы күшейтіледі08.01.2026, 11:25 110176Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен 82 млн теңгеге жер мемлекетке қайтарылды08.01.2026, 15:57 109476Отандық өндірушілерге тауарларды теміржол арқылы тасымалдау шығындары өтеледі
17.12.2025, 17:47 232666Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 228151Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 226466Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 223456Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 214456Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

