04.03.2026, 02:33 7026

Қазақстан СІМ-де Аргентина Елшісінің сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады

Қазақстан СІМ-де Аргентина Елшісінің сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Аргентина Елшісі Игнасио Феррер Виейраны қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында Елші сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.

Тараптар Астана мен Буэнос-Айрес арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық, инвестициялық, агроөнеркәсіп, көлік-логистика, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара қолдау мен көпжақты ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Аргентина серіктестігін одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны