12.04.2007, 16:27 3180

Арменияда ТМД елдері шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесінің 57-ші отырысы ашылды

АЛМАТЫ. 12 - сәуір. Kazakhstan Today. Арменияның Цахкардзоре қаласында бейсенбіде ТМД елдері шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесінің кезекті 57-ші отырысы ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Новости-Армения" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Отырыстың ашылуында Армения президенті Роберт Кочарянның құттықтау жолдауы оқылды, онда шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесінің жұмыс істеуі ТМД елдерінің жалпы қауіпсіздігін, сонымен қатар Достастық елдерінің саяси және экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге қажетті элемент болып табылады, деп айтылған.

"Шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесі ТМД аясындағы ең іскер және тиімді органдарының бірі екендігін сеніммен айтуға болады. Шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесі Шекара саясатына қатысты мәселелерге бірлесе отырып әзірлеген тұжырымдамалық көзқарасты тиімді жүзеге асырып, Достастық елдерінің шекара мекемелерінің іс-қызметін үйлестіре отырып, ұлттық шекара құрылымының қалыптасуында оңды роль атқарады",- деп атап көрсетілген Армения мемлекеті басшысының жолдауында.

Сонымен қатар, ақпарат көзінің мәліметтеріне сүйенсек, қатысушылар отырыс барысында халықаралық терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі таратуға және заңсыз көші-қонға қарсы іс-әрекеттер сияқты өзекті мәселелерді талқылайды.

Отырыс жұмысына ТМД атқару комитетінің, ТМД мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесінің хатшылығының, Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымының, ЕурАзЭҚ интеграциялық комитеті хатшылығының, ТМД мүше мемлекеттердің антитеррорлық орталығының өкілдері қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, Шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесі ТМД елдерінің басшылар Кеңесінің 1992 жылдың 6-шілдесіндегі шешімімен құрылған, ТМД мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі мен үкімет басшыларының кеңесін үйлестіру, Достастықтың сыртқы шекара және экономикалық аймағын қорғау мәселесі жөніндегі коллегиялық органы болып табылады. Шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесінің мүшелері ТМД мүше мемлекеттердің шекара әскерлерінің басшылары мен қолбашсылары болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны