04.08.2020, 23:42 5749

Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында эпидемияға қарсы шараларды іске асыру барысы қаралды

Премьер-Министр қазіргі таңда әлемдік статистика 126 мемлекетте ауру жұқтырғандар санының жаңа өсімін көрсетіп отырғанын, осыған байланысты күзде пайда болуы мүмкін пандемияның жаңа толқынына дайын болу керектігін, әрі оның алдын алу үшін барлық белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, жоспарланған шаралар кешенін іске асыру қажеттігін атап айтты.

Алматы. 4 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында эпидемияға қарсы шараларды іске асыру барысы қаралды.

Денсаулық сақтау министрі А. Цой коронавирус инфекциясының расталған жағдайларының тәуліктік өсуі 1,2%-дан аспайтынын, бұл көрсеткіш күн сайын төмендеуде екенін баяндады. Қазіргі уақытта емделіп шыққан адамдар барлық ауру жұқтырғандардың 68% құрайды, қалған науқастар қажетті медициналық көмек алуда. Ауруханалардың жүктемесі 36%-ға төмендеді.

Аптаның қорытындысы бойынша инфекцияның репродуктивтік деңгейінің 1-ден төмен болуы Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларында тіркелген. Сонымен қатар Қостанай мен Ақмола облыстарында инфекцияның репродуктивтік деңгейі 1-ден жоғары болуы тіркелген. Үкімет басшысы осы өңірлердің әкімдеріне эпидемияға қарсы шараларды күшейтуді тапсырды.

"Ауру жұқтырған азаматтарды емдеу және вирустың таралуын төмендету жөніндегі қарқынды жұмысты, оның ішінде санитарлық нормаларды, карантин талаптарын азаматтардың сақтау қажеттігі туралы түсіндіру науқанын жалғастыру керек", - деді А. Мамин.

Премьер-Министр қазіргі таңда әлемдік статистика 126 мемлекетте ауру жұқтырғандар санының жаңа өсімін көрсетіп отырғанын, осыған байланысты күзде пайда болуы мүмкін пандемияның жаңа толқынына дайын болу керектігін, әрі оның алдын алу үшін барлық белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, жоспарланған шаралар кешенін іске асыру қажеттігін атап айтты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны