21.06.2013, 09:17 2874

Искери қызметшілер бюджет есебінен баспаналы болу мүмкіндігіне ие болды

Искери қызметшілер "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасына (одан кейін сатып алу құқығымен жалға алу тетігі арқылы) қатыса отырып, бюджет есебінен баспаналы болу мүмкіндігіне ие болды.

Астана. 21-маусым. Kazakhstan Today - Искери қызметшілер бюджет есебінен баспаналы болу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Искери қызметшілер "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасына (одан кейін сатып алу құқығымен жалға алу тетігі арқылы) қатыса отырып, бюджет есебінен баспаналы болу мүмкіндігіне ие болды.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен бекітілген "Қолжетімді баспана - 2020" бірыңғай бағдарламасы әзірленгендігі белгілі.

Осы бағдарлама көптеген қазақстандықтардың алдында қолжетімді әдістермен өздерінің меншікті тұрғын үйіне ие болу перспективаларын ашты. Бұның өзге де азаматтармен бірдей пәтер мәселесі өзекті болып табылатын әскери қызметшілерге де қатысы бар.

"Искери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізілуімен әскери қызмет ету мерзімі 10 жылдан кем әскери қызметшілерге тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы төленеді.

Бюджет қаражатын тиімді жұмсау үшін Қазақстан Қорғаныс министрлігі тұрғын үйді жалға алу (жалдау) үшін өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілерге осы Бағдарлама бойынша тұрғын үйді одан әрі сатып алумен жалға алу тетігін пайдалануды ұсынады. Өйткені төленетін ақшалай қаражат ай сайынғы жалға алу төлемдерін өтеу үшін пайдаланылады. Осылайша тұрғын үйді жалға алу (жалдау) үшін өтемақы алатын әскери қызметшілер қызмет ету кезеңінде біртіндеп бюджет қаражаты есебінен жалға алынған тұрғын үйді сатып ала алады.

Қазіргі уақытта "Қолжетімді баспана" бағдарламасының шеңберінде еліміздің барлық аймақтарында тұрғын үйлер салынып жатыр. Ағымдағы жылдың соңына және келесі жылдың басына қарай осы бағдарламаға қатысуға тілек білдірушілерден құжаттарды қабылдау басталады.

2013 жылдан бастап бағдарламада барлық әскери қызметшілер қатыса алатын халықтың барлық санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етудің бірнеше нұсқасы көзделген. Тұрғын үймен қамтамасыз ету тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі, сондай-ақ одан әрі сатып алумен жалға алу тетігі арқылы көзделеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны