20.04.2016, 18:26 5196

Искери-ғылыми конференцияда лаӊкестік мәселелері талқыланды

Бүгін Ұлттық қорғаныс университетінде халықаралық әскери-ғылыми конференция өтті. Аталмыш конференция барысында Ұжымдық қауіпсіздік Шарт Ұйымы қатысушы елдерініӊ өкілдері Ұжымдық жедел ден қою күштерініӊ құрамын күшейтуге уағдаласты

Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Ұлттық қорғаныс университетінде халықаралық әскери-ғылыми конференция өтті. Аталмыш конференция барысында Ұжымдық қауіпсіздік Шарт Ұйымы қатысушы елдерініӊ өкілдері Ұжымдық жедел ден қою күштерініӊ құрамын күшейтуге уағдаласты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Қарулы Күштерініӊ Бас штабтарынан Ұжымдық қауіпсіздік Шарт Ұйымы Ұжымдық жедел ден қою құрамына материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімдері мен бөлімшелерін енгізу туралы ұсыныстар келіп түсуде. ҰЖДК-ныӊ құрамында Ұжымдық жедел ден қою қолбасшысыныӊ жедел немесе тікелей бағынысында болатындай жауынгерлік қамтамасыз ету, басқару, байланыс және психологиялық күрес бөлімшелері жоқтыӊ қасы. Сондай-ақ жедел-тактикалық және армиялық авиация, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және артиллерия бөлімшелерініӊ саны жеткіліксіз", - деді Ұжымдық қауіпсіздік Шарт Ұйымы Біріккен штабыныӊ өкілі генерал-майор Шерікбай Сұлтанов, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Одан басқа, халықаралық лаӊкестік пен экстремизмніӊ күшейіп, үдей түсуі ҰҚШҰ мүше мемлекеттерініӊ ерекше алаӊдаушылығын туғызуда.

"ҰҚШҰ мүше мемлекеттерініӊ шекараларына "тұрақсыздық иінініӊ" етене жақын болуы Орта-Азиялық өӊірдіӊ елдеріне құрылымды бұзатын күштердіӊ шоғырлану қауіп-қатерін туғызады. Осыған байланысты, ҰҚШҰ-ныӊ негізгі назары "Ислам мемлекеті" деп аталатын аумаққа топтамалардыӊ енуімен ушығып, үдеп бара жатқан Ауғанстандағы шиеленіске бұғауланған. Орташа мерзімді болашақта Ауғанстандағы лаӊкестік белсенділігініӊ күшеюі Орта-Азия мен ҰҚШҰ-ныӊ ұжымдық қауіпсіздік өӊірлерінде тұрақсыздықтыӊ басты көзіне айналуы ықтимал", - деді ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығыныӊ бірінші орынбасары генерал-майор Руслан Илімов.

ҰҚШҰ-ныӊ Ұжымдық жедел ден қою күштерін дамытудағы басымдық міндеттер әскерлердіӊ жауынгерлік әзірлігін арттыру, басқару жүйесін жетілдіру, бірлескен операцияларды дайындау және оны жүргізу кезінде өзара іс-қимылды жан-жақты қамтамасыз ету және ұйымдастыру болып табылады.

"Қазіргі заманғы соғыста іс-әрекеттіӊ сәтті болуы әскерлердіӊ коалициялық топтамасын жедел өрістетуге ықпал ететін әскерлерді қарумен, оқ-дәрілермен, жауынгерлік техника және өзге материалдық-техникалық құралдармен жедел және жауынгерлік қамтамасыз етудіӊ сапасы мен толыққанды ұйымдастырылуына байланысты", - деп генерал-майор Руслан Илімов атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны