16.11.2015, 11:36 3779

Астана әкімдігі елорданы басқарудыӊ жаӊа үлгісін бекітті

Бүгін Астана әкімі Иділбек Жақсыбеков аппарат отырысы барысында елорданы басқарудыӊ жаӊа үлгісін бекіткенін жеткізді. Бірқатар мемлекеттік мекемелер атқаратын қызметтерін бөлу және қосу арқылы қайта құрылды.

Астана. 16 қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Астана әкімі Иділбек Жақсыбеков аппарат отырысы барысында елорданы басқарудыӊ жаӊа үлгісін бекіткенін жеткізді. Бірқатар мемлекеттік мекемелер атқаратын қызметтерін бөлу және қосу арқылы қайта құрылды. Икімдікке қарасты бөлімшелер құрылымы 30-ға дейін қысқартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атап айтқанда, Жер қатынастары басқармасы Жер инспекциясымен, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы - Еӊбек инспекциясымен біріктірілді. Коммуналдық мүлік бойынша функциялар Мемлекеттік сатып алулар басқармасына берілді, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы екіге бөлініп, бірі жол салумен, ал екіншісі көлік ағындарын реттеумен айналысатын болды.

"Астана - жаӊа қала" АЭА басқармасы негізінде Инвестиция және даму басқармасы құрылды. Оған туризм саласындағы функциялар қоса берілді.

Жаӊа басқармаларға негізінен бұрынғы басшылар қайта тағайындалды. Жаӊадан құрылған Жолаушылар көлігі басқармасыныӊ басшысы болып Сүлейменов Еділ тағайындалды. Ол бұрын Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығыныӊ орынбасары болып қызмет атқарған болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны