15.01.2014, 19:27 3312

Астана экономикалық форумы мен Еуразиялық бизнес форум арасында әріптестік туралы меморандум жасалды

"Екі алаң арасындағы осынау әріптестік пен ынтымақтастық әлеуметтік-экономикалық прогреске оң әсерін беріп, Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуына серпін береді деп сенеміз. Меморандум тәжірибе алмаса отырып арнайы әріптестік бағдарламалардың дамуына бағытталған",- деді вице-президент.

Алматы. 15 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Астана экономикалық форумы мен Еуразиялық бизнес форум арасында әріптестік туралы меморандум жасалды.

Астана Экономикалық форумы атқарушы органының вице-президенті Мақсат Құрбенов басты мақсаттардың ортақтығы мен Қазақстанның экономикалық дамуына бағытталған АЭФ мен ЕБФ басты міндеттемелерін атады.

"Екі алаң арасындағы осынау әріптестік пен ынтымақтастық әлеуметтік-экономикалық прогреске оң әсерін беріп, Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуына серпін береді деп сенеміз. Меморандум тәжірибе алмаса отырып арнайы әріптестік бағдарламалардың дамуына бағытталған",- деді вице-президент.

Сонымен қатар, келешекте алдағы Еуразиялық экономикалық кеңеске қатысушылар арасында әріптестік туралы меморандум мен шаралар туралы келісім құру жоспарланып отыр.

Жалпы, қазіргі таңда Қазақстанда 1,5 млн шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. 2 млн-нан астам еңбекке қабілетті азамат немесе халықтың сегізден бірі осы салада қызмет етеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны