20.05.2015, 14:34 3401

"Астана" өӊірлік қолбасшылығы үздік әскери қызметшілерді анықтады

"Астана" өӊірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөліміндегі жауынгерлік тексеру әскери қызметшілердіӊ саптық даярлығынан басталды. Аталған іс-шараны бөлім командирі полковник Нұрлан Осмонов ашты

Астана. 20 Мамыр. Kazakhstan Today - "Астана" өӊірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөліміндегі жауынгерлік тексеру әскери қызметшілердіӊ саптық даярлығынан басталды. Аталған іс-шараны бөлім командирі полковник Нұрлан Осмонов ашты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қорытынды тексеру барысында әскери қызметшілер мемлекеттік-құқықтық, саптық, дене, атыс даярлығы және бронды техниканы игеру(автокөлікті, БМП, Т-72 және КамАЗ-4310 жүргізу) бойынша білімін сынады.

Шара аясында үздік нәтиже көрсеткен әскери қызметшілер анықталды. Атап айтқанда, 1 мотоатқыштар батальоныныӊ радиотелефонисі кіші сержант Нұрсұлу Оспанова (84 бал) және 1 мотоатқыштар батальоныныӊ жүргізушісі кіші сержант Айдын Шахметов (96 бал) ерекше көзге түсті.

Жыл сайын жазғы мезгілде өткізілетін тексерулерге барлығы 100 әскери қызметші қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны