04.07.2007, 17:30 2962

Астанада 10 мың адам тұратын "шатырлы қала" салынады - президент

АСТАНА. 4-шілде. Kazakhstan Today. Астанада 10 мың адам тұратын бірегей "шатырлы қала" салынады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз бір шатырдың астында 10 мың адам тұратын шатырлы қаланыңжобасын жасай бастадық. Мектептер, ауруханалар, дүкендер, спорт залдары, театрлар бәрі-бәрі бір шатыродың астында болады, онда тұрғын үйлер де бар. Ол жаққа автокөліктер жіберілмейді : онда ірі каналдар салынып, су қозғалысы жолға қойылады", - деді Н. Назарбаев. Оның айтуынша, Астанаға жұмсалған жалпы инвестиция көлемі 1 трлн 50 млрд теңгеге жеткен.

Сонымен бірге мемлекет басшысы Астананы қоршап жатқан жасыл белдеуді Щучье-Бурабай шипажай аймағының ормандарымен қосу жобасын еске салды. "Біз Астананың айналасына жыл сайын бес мыңнан ағаш егіп жатырмыз. Қазір Елордасының айналасындағы жасыл белдеу орманы 40 мың гектарға жетті. Біз Астана орманын Бурабай аймағының орманымен қосуға ниет білдіріп отырмыз", - деді ол.

Н. Назарбаев сонымен бірге Алматының дамуын да жіті бақылап отырғанын жеткізді. "Қазір мен үкіметтің Алматыда көлік жолдарының торабын салуға жыл сайын ақша бөлуін арнайы қадағалап отырмын. Бұл әкімшіліктің , немесе басқа әлдекімнің арқасы емес, мен Алматының басты қала ретінде тұрықты дамуына, көшелердің кеңейе түсуіне, қаланың ластанбауына, тауды көлегейлеп тастамауына, құрылыстың бейберекет салынбауына баса назар аударып отырмын", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны