05.05.2014, 20:46 3348

Астанада 2015 жылы ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені құрылады - Т.Мұсабаев

2015 жылы ҒА ҚСК ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені құрылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлімдеді.

Алматы. 5 мамыр. Kazakhstan today. 2015 жылы ҒА ҚСК ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені құрылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлімдеді.

"ҒА ҚСК жобасын іске асырудың нәтижесінде жобалау, ғарыш аппараттарын, ғарыш техникасы мен ғарыш аппараттарының бөлшектерін кешенді дайындау, құрастыру мен сынауға арналған жоғарғы технологиялық кәсіпкерліктер құрылады", - дейді Т.Мұсабаев.

Оның айтуынша, кәсіпкерлік құру идеясынан бастап оны нақты жұмыстың жобасы ретінде іске асыруға дейінгі түрлі ғарыштық жұмыстарды атқарады.

"Құрылып жатқан ҒА ҚСК-де төмендегі ғарыш аппараттарын жобалау, құрастыру мен сынау жұмыстары жүргізіледі: ғарыш байланыстары, ғарыштан Жерді қашықтықтан басқару (оптикалық және радиолокациялы) ғылыми-техникалық спутниктер", - дейді ол.

Сонымен қатар, ҒА ҚСК басқа кешен құрамына тәжірибелі өндіріспен арнайы ғарыштық техника құрастыру-техникалық бюросы кіргізіледі.

"Аталмыш жоба Қазғарыш тарапынан стратегиялық әріптесі - "Airbus Defence and Space" француз компаниясымен бірлесіп атқарылады", - дейді ол.

Оның пайдалануға берілу уақыты 2015 жылға белгіленген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны