29.04.2014, 19:33 6720

Астанада 2020 жылға дейін 100-ге жуық балабақша ашылады

Бүгінде Астанада 33 мыңнан астам бүлдіршіндерді тәрбиелеп отырған 148 балабақша мен 25 шағын орталық жұмыс істеуде.

Алматы. 29 сәуір. Kazakhstan today. Елордада 2020 жылға дейін 100-ге жуық балабақша пайдалануға беріледі.

Бүгінгі таңда шаһарда 17 балабақша салынып жатса, тағы 3 мектепке дейінгі мекеменің құрылысы басталады, деп Астана қаласы әкімдігінен хабарлады.

"Мемлекет басшысы Н.Назарбаев астаналық бүлдіршіндерді 2020 жылға дейін жаңа мектепке дейінгі мекемелерді салу арқылы 100% балабақшамен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Сонымен, 2013 елорда да 8 балабақша пайдалануға берілді", - делінген хабарламада.

Бүгінде Астанада 33 мыңнан астам бүлдіршіндерді тәрбиелеп отырған 148 балабақша мен 25 шағын орталық жұмыс істеуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны